Семья indd



Pdf көрінісі
бет5/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

«Жалпы тіл кемістігі» – «Общее недоразвитие речи– ОНР»
ЖТК (ОНР) – сөйлеу тілінің дыбыстық, мағыналық жағына 
қатысты бұзылуынан болады. Оған дыбыстарды бұзып айту, 
фонетикалық есту қабілетінің жетілмеуі, сөздік қоры мен 
грамматикалық сауаттылықтың артта қалуы тән. Яғни, есту 
қабілеті мен интеллектісі сау балаларда сөздің фонетикалық, 
лексикалық, грамматикалық құрамдарының бұзылуы:

Дыбыстың дыбысталуын дұрыс айта алмауы

Фонематикалық естудің жетілмеуі

Сөздік қорының аз болуы

Сөйлем құрай алмауы
Жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейінде бала былдырлап 
сөйлеп, сөздердің бастапқы буындарын айтып, жекелеген зат есім 
сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді 
пайдаланады. Сөйлемді түсініксіз, үзіп-үзіп айтады. Сөйлемде 
дыбыстар анық болмай, тұрақсыз, құбылмалы келеді. Өз ойын 
жеткізу кезінде көбіне ым- ишараны қолданады. Тілі келмеген 
зат атауларын өзінше атап алып, қарым- қатынас барысында 
соларды қолданады. Сөйлегенде 1-2 буыннан тұратын сөздерді 
ғана қолданады. Мысалы: домбыра – дома, балапан – бапан, 
жұмыртқа – ұтқа. 
Сөздік қорының аз болғанымен қатар, сөзді бірден түсіне 
алу қабілеті нашар дамыған. Сөздерді бірнеше рет қайталанған 
таныс ситуацияда бірақ игереді. Мысалы: «Көйлегіңнің жағасын 
түзе»,- деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, бірақ жаға 
деген сөздің мағынасын жеке айтқанда түсіне қоймайды. Яғни, 
байланыстырып сөйлеу қабілеті дамымаған.
Жалпы тіл кемістігіні екінші дегейінде ымдау мен был дыр 
сөздерден басқа, бұрмаланған сөздер тізбегінен сөйлем құрай 
алу қабілетіне ие. Мысалы: «Ама жим ди Ами – Алма жеймін 
деді Амина». Сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа 
болғанымен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама 
дұрыс. Белгілері ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен айтуы мүмкін.
Сөйлеу кезінде жуан және жіңішке, ысқырық, ызың, қатаң 
және ұяң, мұрынды дыбыстардың айтылуы мен үндестігі өрескел 
бұзылғандықтан, сөздің сапасы өз жасындағылардан едәуір артта 
қалған.
 Жалпы тіл кемістігіні шінші дегейінде баланың сөзін түсінуге 
болады, қатарластарымен қарым-қатынасқа түседі, дегенмен өзінің 
айтайын деген ойын анық жеткізе алмайды. Әңгіме барысында 
заттың белгілерін, күйін, қимыл іс-әрекетін білдіретін сын есім 
мен үстеу, сөз таптарын қолдануда қиналады. Олар өздерінің үй-
іші туралы, айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін-
еркін әңгімелеп бере алғанымен, дыбыстарды айтудағы қателіктер 
сөзін ұғынықсыз қылып жібереді. Мысалы: «Апам көсінкінде 
сәй ісіп оты – Апам көршінікінде шәй ішіп отыр».
Бұл кезде үйде өз бетінше дайындалу пайдасыз,міндетті 
түрде маманға жүгіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет