Семья indd



Pdf көрінісі
бет9/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Ойын арылы оыту. «Ойын – балалар өмірінде өте маңызды 
зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай 
маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында 
бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай 
болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені 
ойын арқылы алады»- А.С.Макаренко
Логопед мамандары түзету жұмыстарында балалардың тілін 
дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете 
отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, 
әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста 
қолдана білуге жаттықтыруды ойын арқылы жүзеге асыруға ерекше 
мән береді. Ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала 
айналасындағы нәрседен өзіне қызықтырған әрекетке ықыласы 
ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті ойнау мен 
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын 
тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала 
болмасын ойынмен өседі, сондықтан бала табиғатының өзі тек 
ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. 
Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың 
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. 
Демек, баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде 
қалыптасады. 
Ойын ұйымдастыруды өзіңіз жетекші бола отырып, баланы 
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оны ойната отырып, 
ойлануға бағыттап, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап 
қалуға жол ашасыз, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын 
дамытасыз. Сонымен қатар ойын барысында бала өз қатарластарымен 
алғашқы қарым-қатынасқа түседі. Ойын ойнарда баланың жас 
және жеке ерекшелігін ескерген жөн.


23
22
Бала 4 жасқа дейін жақсы жаманды ажырата алмайды, өзін 
қай жерде қалай ұстау керек екеніне есеп бермейді. Мақсатты 
түрде сабақ оқу дегенді түсінбейді. Тек ойын ойнағанда бала жаңа 
дүниелерді сіңімді игере алады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет