17
16
«МЕН СӨЙЛЕУГЕ АСЫҚПАЙМЫН»
Сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды уақытымен түземеген жағдайда,
қосарлы бұзылыс түріне айналады. Баладан ата-анасы үнемі
«Осылай қайталашы!», «Былай айтшы!»- деп жаңа сөздерді
сұраумен
болғанда, сөйлеуден бас тартуы көрініс табады. Бала
жаңа бір сөзді айтып қалады, бірақ оны екінші қайталамайды.
Ата-анасы айтып қалған сөзін қайталауын сұрайды, кейін
өтінеді, одан кейін талап етеді, соңында жазалайды...Таныс па?
Осыдан кейін «Сенің атың кім?» деп сұраған бөтен адамның да
сұрағына жауап қатпайды.Бала өз қажеттіліктерін өзі орындай
бастайды: мультфильмін өзі қосып алады, тоңазытқыштан
ірімшікті өзі алады т.б., ал өз бетінше
әрекет ету ата-анасын
әрине қуантуы мүмкін, бірақ бұл тілдік дамудың үлкен тежелуі
болып тұрғанын байқамайды.
Егер сіз балаңыздың тезірек сөйлеуін қаласаңыз «айтшы»,
«қайталашы» деген сөздерді біразға ұмыта тұрыңыз!
Бастауыш сыныптарда бала өз тұлғасын танып, ортасына өзін
таныта бастағанда,таза сөйлей алмауы салдарынан комплекс пайда
болуы мүмкін. Ол ұялшақтыққа, тұйықтыққа әкеледі. Тіпті
жылдар бойы дыбыстарды дұрыс айта алмау себебінен,
ортада өзін
еркін ұстай алмайтын ересектер де бар. Кей ата- ана баласының
дыбыстарды дұрыс айтпайтынын «естімейді», құлағы үйренісіп,
таза сөйлейтіндей көрінеді. Бұл жағдайда мектеп алды баланың
дыбыстарды дұрыс айтуын алдын ала тексертіп алған жөн.
Егер бала сөйлемесе көмектесу керек пе, әлде кте т ран
жөн бе?
Баланың дамуына, оның тұлға болып қалыптасуына жауапты
– тек ата-ана. Ата-аналардың да әртүрлі категориялары болады:
-
Бала өзі сөйлеп кетеді деп, мәселені көңіліне алмайтын
ата-ана;
-
Күдіктенсе де, өздерін сылтаумен жұбататын ата-ана.
«Бала үндемей-үндемей бірден сөйлеп кетеді», «Ұлдар қыздарға
қарағанда кеш сөйлейді»- деген сөздермен салғырттық танытады;
-
Ақпарат көздерінен жауап іздейтін ата-ана.
Әрине қазір
интернеттен бар ақпарат табуға болады. Бірақ бұл ізденіс салдары
ата-ананы шатастыруы мүмкін;
- Маманның көмегіне бірден жүгінетін ата-ана. Тіл
кешеуілдеуін байқаған кезде маманға жүгіну,саралы қорытынды
шығару – жауапкершілікті сезіне алған ата-аналарға тән.
Күштерін де, уақыттарын да баланың сөйлеп кетуіне жұмсап,
логопедтің бар тапсырмасын тиянақты орындайтын кісілер
тобы.
19
18
БАЛА ТІЛІНІҢ КЕШ ДАМЫП ЖАТҚАНЫН
ҚАЛАЙ АҢҒАРАМЫЗ?
Баланың 1,5-3 жас аралығында сөйлеу тілінің кеш дамуында
бірнеше маманнан кеңес алуға болады: дәрігерден, әлеуметтік
педагог, психологтан. Сонымен қатар:
-
ПМПК – психолого-медико- педагогикалық комиссия –
бірнеше білікті мамандар арнайы диагностика жүргізіп, қорытынды
жасайды. Сол бойынша әр баланың
тежелу деңгейіне байланысты
түзету мектептеріне жолдама береді. Оған учаскелік дәрігердің
немесе невропатологтың жолдамасымен баруға болады.
-
Логопедтің қабылдауы. Сабақты маман арнаулы каби-
нетте жүргізеді, міндетті түрде үйге орындауға тапсырма
береді. Яғни, ата-ананың көмегінсіз нәтиже алу қиын. Логопед
нақты қорытынды шығару үшін қосымша басқа мамандарға
жіберуі мүмкін. Мысалы: тіл дамуының бұзылуы нашар есту
кезінде көрінуі ықтимал болғандықтан оториноларинголог,
сурдопедагог, аудиограмма өтуіне жібереді. Ал, психологтың
консультациясы ЗРР немесе ЗПР екенін анықтау үшін қажет.
Балалар психиатрының консультациясы ЗПР немесе аутизм
екенін анықтауда керек.
СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ АЛҒАШҚЫ
САТЫЛАРЫ
1 жастан 3 жас аралығындағы балалармен
жұмыс ерекше еңбекті
қажет етеді. Мұнда баланың барлық танымдық процестерін ескеру
керек (қабылдауын, есте сақтауын, ойлауын, зейінін т.б.). Оқыту
түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: