Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының


РЕГЛАН ПІШІМДІ ЖЕҢНІҢ ЖОБАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет28/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

РЕГЛАН ПІШІМДІ ЖЕҢНІҢ ЖОБАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
 
Әбдіқадыр С. Т., Артықбай Д. А. - ЖТ-20-1к1 тобының студенттері 
Койланова А. А. – оқытушы, магистр 
 
Қазіргі таңда реглан пішімді жең бұйымы кең таралған. Бұл пішімнің сипаттық ерекшелігі мойын ойындысынан 
өтетін, қолтық ойындысының жабық сызығы және артқы бой мен алдыңғы бойдың иық бөлігімен тұтас пішілген жеңнің 
сызығы болып табылады. Қолтық ойындысының және жең сызықтарының мұндай конфигурациясы киімді дайындау 
мен конструкциялау процесін қиындатады. 


34 
Берілген модельдегі конструктивті шешімнің сараптамасы мүшелену сызығының жаңа конфигурациясын
жағдайын, модельді элементтерін, әртүрлі конструктивті деңгейдегі силуэтті және формасын оқып үйренумен 
анықталады. Реглан пішімді жеңде қолтық ойындысының жоғарғы бөлігін мойын ойындысы сызығына иық нүктесінен 
ауыстырады. Қолтық ойындысы сызығының безендірілу түрінің әртүрлілігін былайша ажыратады: реглан-погон, 
қарапайым, нольдік-реглан және т.б. Жартылай реглан пішімді жеңде қолтық ойындысының жоғарғы жағын иық тігісі 
сызығына орналастырады.
 
1-
сурет. Реглан жеңнің сызбасы 
Жеңі реглан пішімді бұйымда нымшаның барлық иық бөлігі жеңмен толықтырылуы мүмкін. Жеңнің жоғары 
қиығы бұйымның мойын ойындысының бөлігі болып табылады.
Жеңі реглан пішімді бұйымдағы иық сызығы жең 
ортасында мойын ойындысы сызығынан орналасқан орта немесе бүкпе тігісін анықтайды. Қысқарту реглан-погон жеңін 
құрады, иық тігісі болмайды, қолтық ойындысы сызығы қондырмалы жеңнің қолтық ойындысына жақындастырылған; 
бұйымның иық бөлігіне өткізілген жең бөлігі жоғары иінішті құрайды. 
Реглан пішімі киімнің көп силуэтті формасын тұрғызу кезінде қолданылады, әсіресе тік және трапеция тәріздес 
формада.
Егер олар сән бағытына жауап беретін болса, аз көлемді силуэт формасын құру кезінде қысқартылмайды.  
Реглан пішімді жеңді әйел, ерлер және балалар киімінің әртүрлі ассортименттерінде қолданады. Реглан сызығы 
артқы бойда мойын нүктесінен және алдыңғы бойдың ортасынан басталады, ол жеңнің енін және пішінін анықтайды. 
Иық сызығындағы бүкпе жеңнің көлемді формасын құру үшін қолдануы мүмкін.
Реглан пішімді жеңмен бұйымда қолтық ойындысының тереңдігі қолтық ойындысының бірігуі кезінде 
қолданылған жең түрінен тұрады: тар, тік немесе функциональды.
Көйлек немесе функционалды пішімді жеңнің негізгі 
сызбасын қолданумен тұрғызылған реглан пішімді жең жұмсақ формалы болады. Тар жеңді сызбасында тұрғызылған 
реглан пішімді жеңнің ойындысы биігірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет