Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет29/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
 
2-
сурет. Реглан жеңді бұйымның сызбасын тұрғызу ерекшелігі 
Реглан пішімді заманауи модельдер әртүрлі көлемде жасалады. Кейбір бұйымдарда иықтың кеңейтілген тұрақты 
пішіміне жету үшін бұйымның беттік жағы бойынша әртүрлі вариантта декоративті қадаммен әрленген маталардан 
жасалған иықты сызықтар қолданылады.
Реглан сызықтары ашық сарафандарда, блузка-майкаларда қолданылады. 
Реглан пішімі сәнде биік тік иығы болған жағдайда иық сызығы шеңберлі болып келеді, сондықтан реглан 
пішімді бұйымның тік мәні— тұлғаның нәзіктілігін сызу.
Реглан пішімді бұйымда қолтық ойындысы сызығы екі негізгі функцияны орындайды: конструктивті және 
декоративті [2].
Регланның конструктивті сызығы көптеген жүктемелерді алып жүреді.
Ол иық аумағында қисық сызықты 
жасауға көмектеседі, сол сызыққа алдыңғы және артқы бойдағы бүкпелердің ендері бүкілімен немесе азырақ еніп 
кетеді, визуальді түрде алдыңғы және артқы бойларды жіңішкертіп көрсетеді, әртүрлі көлемді форма бұйымдарына 
және горизонтальды, вертикальды мүшеленумен бұйымдар қатарын тұрғызу үшін қызмет етеді. 
Реглан пішімді жең бұйымының сызбасын есептік және есептік-графикалық әдіспен алады.
Есептік-графикалық әдісті екі нұсқада қарастырады. Бірінші нұсқада реглан пішімді жең сызбасының 
тұрғызылуын шаблон әдісімен жүзеге асырады, негізгі сызбада артқы және алдыңғы бой бөлшектерінен жоғары бөлік 
құралады. 
Екінші нұсқада екі тігісті жеңнің сызбалық бөлшектерін артқы және алдыңғы бой бөлшектерін орналастыра 
отырып, артқы және алдыңғы бойға сәйкес базалы конструкциялы сызбасының бөлшектерімен біріктіреді (1-сурет). 
Реглан пішімді жең сызбасын тұрғызудың бұл нұсқасы төмендегілерді қамтамасыз етеді: 

сән тенденциясына сәйкес регланның ұсынылған сызығын ендіру; 
-
жеңнің (біртігісті, екітігісті әртүрлі формалары және көлемі) және қолтық ойындысының (қарапайым, 
тереңдетілген, тік сызық) кез-келген конструктивті орындалуын қолдану мүмкіндігі; 


35 

реглан сызығы және жеңнің орта сызығы бойынша көлденең балансты бұзылу мүмкіндігін қысқарту (ұсақ және 
әртүрлі бөлікті қысқартпайды, ал толық бөлшек сызбадан өндіріледі); 

өндірістік пішімді және жартылай регланды алу үшін реглан сызығын модифицирлеу мүмкіндігі туындайды 
(әртүрлі формадағы иінішпен, қысқа тұтас пішілген жең және т.б.). 
Көйлек пішімді біртігісті жең сызбасын қолдану негізінде реглан пішімді жең сызбасын тұрғызудың үлгісін 
қарастырамыз, алдыңғы және артқы бой бөлшектерімен жоғары иықты қиықтармен және тереңдетілген қолтық 
ойындысымен біріктірілген.
Берілген ақпараттың мазмұнын және негізгі конструкцияның таңдауына арналған критерилерді 
анықтайды.Модельді сипаттың ерекшеліктерін модель суретімен және өлшемдік сипаттармен толықтырады. 
БК жасаудың бірінші кезеңі ойынды сызығымен қолтық ойындысының арасын тексерумен анықталады. 
Ойындының төменгі аумағын және қолтық ойындысын 332 мен 352 нүктелері деңгейін қолтық ойындысы контурына 
шаблон бөлшектерін қою жолымен тексеріледі, жеңнің алдыңғы бөлігінің ойындысының сызығы 3-5 бұрышқа кеуде 
сызығынан жоғары қарай қалдырылады, ал шынтақ бөлігі – сол мөлшермен төмен қарай. Жең жағдайының дұрыстығын 
жіңішке қапсырма сызығынан алдыңғы бойдың аударылымының ауытқуының мөлшері бойынша бақылайды.
Бұл 
жағдайда қолтық ойындысы сызығын және монтажды кертпенің биіктігін 332 және 352 нүктелерінде тексереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет