құраған: өзі, күйеуі және екі ұлы. Бұл ондық Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) амандығы үшін өз бастарын қатерге тігіп, жандарын
салып, тәндерін тосады. Қарусыз жалаң қолмен тұрған Нусайба
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басына қауіп туғанын көріп,
қапелімде жерден бір қылыш тауып алып, өз жанынан да артық
көретін ұлы тұлғаны қорғау үшін дұшпанға қарсы шығады. Мұны
көрген Аллаһ елшісі (с.а.с.) қашып бара жатқан бір мұсылман
сарбазға:
«Ей, соғыспасаң, қалқаныңды соғысатын адамға тастап кет!» – деп айқайлайды. Әлгі сарбаз қалқанын Нусайбаға
лақтырады. Қалқанды қолына алған Нусайба Аллаһ елшісін
(с.а.с.) қорғау жолында аянбай шайқасады. Осы бір
аласапыранның арасында жүріп Пайғамбарымыз (с.а.с.)
мүшріктердің алдын ала қазып дайындап қойған орына түсіп
кетеді. Осы сәтті пайдаланып, мүшріктер Пайғамбарымызды
(с.а.с.) өлтіру үшін орға қарай жанталаса ұмтылады. Олардың
жолдарын тоспақ болған Нусайбаның ұлы Абдуллаһ ибн Зәйд
ауыр жарақат алады. Мұны көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Нусайбаға:
«Нусайба, балаң!» – деп дауыстайды. Ұлына жетіп барған
Нусайба оның жарақатын шүберекпен таңып, шапшып жатқан
қанды тоқтатып ұлына:
«Енді тұр орныңнан! Шайқасқа аралас!» – деп бұйыра
айқайлайды. Сол кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Нусайбаның
осыншалықты өжеттілігіне тамсанып:
«Сенің қолыңнан келген кімнің қолынан келер дейсің, уа, Умму Умара!» – деген-ді
1
.
Пайғамбарымызды (с.а.с.) қорғау жолында жанталасып
жүрген араларында Нусайба бар ондық өздері жаяу болса да,
атты әскерге тайсалмай қарсы тұрып, күрес жүргізеді.
Кескілескен ұрыс осылайша жалғасып жатқан-ды. Кенеттен бір
1
Әз-Зәһәби, Сиәр: 2/279-280.