Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет170/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200
Asyl-analar

 
 
(Аллаһ оған разы болсын) Атикаға бір кездерде оның 
Абдуллаһты жоқтап: 
«Ант етем! Ыстық боп қалар көз жасым 
Сен үшін! Ал денем шаңнан арылмас», – деп айтқанын есіне 
салып: 
«Ант етем! Шаттықта қалар жанарым 
Ал тәнім сәнденіп ашар ажарын», – деп қалжыңдайды. 
Атика мен Омардың жұбайлық тұрмыстары баянды болып, 
бақытты ғұмыр кешеді. Атика Омардың ең жақсы әйелдерінің 
бірі атанады. Тек көбіне Омарды Атиканың жамағатпен намаз 
оқуға мешітке шығуы аздап қынжылтатын. Ал Атиканың 
әдептілігі сондай, күйеуімен келісіп қойған шарты болса да, әр 
барған сайын мешітке Омардың рұқсатынсыз шықпайтын. Ол 
Аллаһтың үйін өте жақсы көретін, оның жүрегі мешітке 
байланған еді. Ол Омармен оның өмірінің соңына дейін бірге 
ғұмыр кешеді. 
Бір күні мұсылмандар мешітте таң намазына сап түзеп жатқан-
ды. Онда Атика да бар-тұғын. Намазға тәкбір айтылып болған 
кезде кенеттен Файруз Әбу Лулу деген кісі халифаға қастандық 
жасап, оған алты рет пышақ салады. Оның бірі кіндік астынан 
тиеді. Осы соққы оның өліміне себепші болады. Ауыр жарақат 
алған Омар өмірінің соңғы күндерінде Атиканың үйінде жатып 
көз жұмады. Діні үшін, тақуалығы үшін, ел ісіне жауапкершілігі 
үшін, әділдігі үшін, ақиқат жолындағы күресі үшін Омарды 
құрмет тұтатын Атика оны жоқтап, қастандықтың құрбаны 
болған күйеуіне жыр жолдарын арнаған. 
Омардың қазасынан кейін де Атиканы айттырып келушілердің 
легі басталады. Атика ешкімге келісімін бермей, бәрін сыпайы 
түрде қайтарып отырады. Бірде оны ұлы сахабалардың бірі 
Зубәйр ибн Аууам (Аллаһ оған разы болсын) айттырып келеді. 
Тұрмысқа шығу ойында жоқ болса да, Зубәйр ибн Аууамның көп 
үгіттеуімен Атика оған тұрмысқа шығуға келіседі және оған да 
Омарға қойған шарттарын қояды. Зубәйр Атиканың бұл 


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет