Научные работы



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата11.12.2022
өлшемі447.47 Kb.
#467021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
зия

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
102 
движение в Казахстане в 1905-1907 гг. Алма-Ата, 1977; т.б.). Бірақ мұндай зерттемелер 
марксизм-ленинизм аясынан шыға алмады.
2. Талқылау.
Академик Манаш Қозыбаев «ұлттық зиялы қауымның тарихы қалыптасып, ғылыми 
арнаға салынбағанның тағы бір себебі-комунистік методологиядағы интернационализм 
принціпін большевизмнің өз пайдасына, таптық мүддесіне ғана бағындыруда» (Тұлғалар тұ-
ғыры. /Құраст. І. Қозыбаев.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009.– 5 б.). 
Марксизм-ленинизм методологиясын басшылыққа алған зерттеушілердің бір бөлігі 
Қазан төңкерісіне дейін қазақта ұлттық интеллигенция қалыптасып үлгермеді деген тезисті 
тұжырымдады. С. Асфендияров қазақ зиялылары үш топтан тұрады деп санады: «Біріншісі-
ол қызметкер зиялы қауым: негізінен қазақтың феодалдық аристократтарының (сұлтандар–
төрелер) ортасынан шыққан чиновниктер мен офицерлер; екіншісі-бұл арада феодалдық ари-
стократтар мен байлардың ортасынан шыққан әр түрлі мамандар: дәрігерлер, инженерлер 
т.б., үшіншісі-бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер, жазушылар және бас-
қалары» (Тұлғалар тұғыры./Құраст. І.Қозыбаев. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009.– 6 б.). Қазан 
төңкерісінде белсенділік көрсеткен зиялылардың демократиялық қанаты демократиялық 
қауым (интеллигенция) болып қалыптасты, – деп санады Санжар Жағыпарұлы. Зиялылардың 
бұқараның азаттық қозғалысымен қосылуы, ащы шындықты айтсақ, – деп көрсетті С.Ж. 
Асфендияров, – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың, ақпан буржуазия-демократиялық ре-
волюциясының, ақпаннан Қазанға көші барысындағы тәжірибенің негізінде болды, сөйтіп 
Қазан социалистік революциясы кезеңінде аяқталды». Міне, осылай зиялы қауым тарихы со-
вет заманасымен шектелді. Ол ол ма, зиялы қауым, жұмысшы табы мен совет шаруаларының 
арасын қосатын дәнекер топ ретінде қаралады. Қорытып айтқанда, марксизм-ленинизм мето-
дологиясының шеңберінде ұлттық зиялы қауымның ғылыми тарихын жасау мүмкін емес еді 
(Тұлғалар тұғыры /Құраст. І. Қозыбаев.– Алматы: «ҚазАқпарат», 2009.– 6 б.). 
1980 жылдардың соңы, қоғамды қайта құру, қуғындалған зиялылар ақталысымен, елі-
міз тәуелсіздігін алуымен қазақ зиялыларының тарихы туралы тарихнамалық еңбектер шыға 
бастады. Олардың тарихтағы орны анықталып, тұғырына қондыра бастадық. Енді біз кеңінен 
қарастырып, тарихнамалық шолу жасасақ. 
Алаш, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және ондағы ұлттық зиялының қалыптасуы 
мен қызметіне қатысты зерттеулерге әдіснамалық негіз қалаған К. Нұрпейістің (Нұрпейісов 
К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. – 256 б.), М. Қойгелдиев (Қойгелдиев М. 
Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1995. – 368 б.), пен Д. Аманжо-
лованың (Аманжолова Д.А. казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – М.: 
Россия молодая, 1994. – 216 с.) және Ө.Озғанбайдың (Ө.Озғанбай «Ресей мемлекеттік дума-
сы және Қазақстан». – Алматы, 1997. – 461 б.) іргелі зерттеу еңбектерінің маңызын атап көр-
сетуіміз керек. К. Нұрпейіс зерттеу еңбегінде алғашқы болып Түркістанда қызмет жасаған 
Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы идеяны тұжырымдады. Бұл тұжырым зерттеу 
жұмысымызда Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан ұлттық зиялы өкілдерінің 
алаштық идеядан бас тартпай жартылай жасырын, жартылай жария жағдайда 1924 ж. дейін 
қызмет жасағандығы туралы концепцияны негіздеуімізге жол сілтеді. М. Қойгелдиевтің Түр-
кістан Мұхтарияты мен Алашорда үкіметін бір-бірімен сабақтас ұлттық мемлекеттік 
құрылымдар ретінде қарастыруы (Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы). – 
Алматы, «Санат», 1995. – 368 б.), Түркістан тарихына отан тарихының құрамды бөлігі ретін-
де маңыз беруге негіз қалады. Оның Түркістан қозғалысының көсемі М. Шоқайға қатысты 
зерттеулері тақырып бойынша таным аясын кеңітті. Сол сияқты партиялық-мемлекеттік но-
менклатураның жоғарғы эшелонына көтерілген Т. Рұсқылов, С. Қожанов, С. Сәдуақасовтар-
дың элиталық қызметіне ұлттық мүдде тұрғысында барынша әділ баға берілді (Қойгелдиев 
М. Саяси элита және ұлт мүддесі Қаз МҰУ хабаршысы. – Тарих сериясы. – 1998. – №10. 3-9 
б.). Д. Аманжолованың еңбегі мәселеге қатысты құжаттық деректерге талдау жасай отырып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет