Научные работы



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата11.12.2022
өлшемі447.47 Kb.
#467021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
зия

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
103 
ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мазмұнын қалпына келтіріп, сипатын айқындау және 
ұлттық зиялының жеке құрамының қызметіне баға берудегі объективтілігімен ерекшеленеді.
Ғалымның «...в отличие ряда других мусульманских этносов России, особенно Цент-
рально-Азиатского региона, в кочевых и полукочевых аулах Казахстана влияние ислама ска-
зывалось главным образом в быту, обычаях и традициях и значительно менее – в сфере идео-
логии и политики. Особенно отчетливо это проявилось в 1905–1920 г.г.» деген тұжырым-
дары Түркістандағы этносаяси және конфессиялық ахуалға айқындық береді. 
Ресейдің орталығында кең өріс алған мұсылмандық қозғалысқа қазақ элитасының кей-
бір өкілдері ғана белсене қатысты. Атап айтқанда Ж. Досмұхамедов пен У. Танашев Бүкіл-
ресейлік мұсылмандар съездеріне қатысса, М. Шоқай ІV Мемлекеттік думаның мұсылмандар 
фракциясы бюросының хатшысы болып қызметке араласты. Бірақ, бұл жердегі мұсылман-
дық атауы ислам дінін ұстанатын халықтардың жиынтық атауы ғана екендігі есте болуы ке-
рек. Ал, Сералы Лапиннің діни бағытты ұстанған «Шурои – Улема» қоғамдық – саяси қозға-
лысының саяси серкесі болуы да қазақ этноэлитасының арасында діни ағымның басымдығын 
танытпайын еді.
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын Алаш қозғалысымен саяси бірлікте қарастырған Д. 
Аманжолова былай дейді: «Слабость позиции ислама, очевидно, предопределила выдвиже-
ние именно казахской интеллигенции на авансцену политической арены всего Центрально-
Азиатского региона в период революции и гражданской войны и сохранение ее влияния в со-
ветском руководстве Туркестана в начале 1920-х годов. Вплоть до 1924 г. большевики-каза-
хи возглавляли ЦИК, ЦК Компартии и правительство Туркестанской АССР» (Т. Хазретәлі 
«Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 
60 б.). Ал Ө. Озғанбайдың еңбегінде Ресей Мемлекеттік Думасына Дала облыстары және 
Түркістан өлкесінен депутаттыққа сайланған ұлттық элита өкілдерінің қызметі жаңа көзқарас 
тұрғысында алғаш рет жан-жақты қарастырылды.
Түркістандағы этносаяси үдерістерді соңғы жылдары отандық зерттеушілер түрлі 
аспектілерде қарастыруда. Тақырыпқа қатысты да бірқатар диссертациялық зерттеулер жүр-
гізіліп, монографиялық еңбектер жарық көрді (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». 
Монография/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 60 б.). 
Тақырып тарихнамасының едәуір бөлігін шетелдік (эмиграциялық) әдебиеттер құрай-
ды. Ұлттық зиялы өкілдерінің саяси, тарихи көзқарасы таптық идеологияның қасаң қағидала-
рына балама өршіл ұлттық рухымен ерекшеленеді. Атап айтқанда М. Шоқай, З.В. Тоған, Б. 
Хайт, Х. Оралтай еңбектерінде көрініс тапқан. Отарлық езгіге қарсы күресте қазақ қайрат-
керлерімен тығыз байланыста болған А.З. Валиди Тоғанның естеліктері М. Шоқай естелікте-
рі жақын. Мәселен, А.З. Валиди Тоғанның шет елге кетер алдында В.И. Ленинге жолдаған 
хаты кеңес үкіметінің ұлттық мәселеде патшалық империя дәстүрлерінен қол үзе алмаған би-
лік екенін айғақтайтын құжат есебінде қарастыруға болады (Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы 
(Көмекші оқу құралы). – Алматы, «Санат», 1995. – 18-19 б.). Алаш қайраткерлерінің тари-
хын, әсіресе шет елдерде қоныс аударуға мәжбүр болған зиялылардың өмірі мен қызметін Х. 
Оралтай қарастырған. «Алаш» партиясының 1905 жылдың өзінде-ақ құрылғаны және оның 
1917 жылға дейінгі құпия қызметі туралы айтқан көзқарасына О. Әбдіманов қосылса М. 
Қойгелдиев келіспейді. Бұл жерде «Қазақ» газетімен бірге «Айқап», «Қазақстан» басылым-
дарының Алаш партиясының органына жатқызуға келісу қиын дейді.
Еліміздің қоғамдық ғылымында элиталық концепция соңғы жылдары ғана қалыптас-
қандықтан кеңестік тарихнамада осы саладағы арнайы зерттеулер кездеспейді. Тақырыпқа 
қатысты әрі оның мақсаты мен міндеттеріне барынша жақын келетін ұлттық интеллигенция-
ның қалыптасуы мен қызметі туралы зерттеулер ХХ ғ. 60–70 жылдары жүргізіле бастады. Ой 
еңбегімен кәсіби тұрғыда шұғылданатын, шығармашылық қызметінің нәтижесінде материал-
дық және рухани игіліктер жасайтын адамдардың қоғамдық құрылымы интеллигенция 
атауымен әлеуметтік құбылыс ретінде ХХ ғ. 60-жылдардан бастап шұғыл зерттеле бастады. 
Таптық қағиданы басшылыққа алған әдіснамалық негіз тақырыпта батыл игеруге тосқауыл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет