Научные работы



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата11.12.2022
өлшемі447.47 Kb.
#467021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
зия

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
105 
Х. Әбжанов қоғам алмасқанда ұлттық интеллигенцияның саны өскенімен оған деген 
қажеттілік бәрібір өтелмейтіндігін айтады. «Мұның сыртында ат төбеліндей аз осынау 
интеллигенция тобы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей» туған халқының 
жоғын жоқтап, жыртысын жырта бермеді. А. Байтұрсынов 1911 жылы айтқандай, олардың 
бірі: «мал табуға салынды, білді жалғыз алымды», екіншісіне шен мақсұт болды. Осының өзі 
халық пен оның зиялыларының арасына алшақтатпаса жақындатпады» деп интеллигенция 
қатарындағы саяси және әлеуметтік жіктелудің сырын ашады. 
Ғалымның ұлттық интеллигенция қалыптасуының кезеңін айқындауының да әдісна-
малық тұрғыда маңызы зор. Қоғамдағы зиялыны қалыптастырушы әлеуметтік орта ретінде 
кеңестік дәуірдегі интеллигенцияны Х. Әбжанов негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруды 
ұсынады. Бірінші кезең 1917 ж. қазанынан Голощекиннің үстемдігі орныққан 20-жылдардың 
екінші жартысы аралығы; екінші кезең – 1991 жылға дейін; үшінші кезең – тәуелсіздік 
жылдары (Әбжанов Х. Ұлт зиялысы мен зиялылық: тарихи негіздер. Егемен Қазақстан. 2007 
ж. 26 шілде 5 б.). Әрине, үлкен құбылысты бұлай кезеңдеудің өз шарттылықтары болады. 
Дегенмен ғалымның бірінші кезеңге тән ерекшеліктерді айқындаудағы объективтілігі көңіл 
аударуды қажет етеді. Оның «халықтың нағыз ортасынан шыққан және халқына қалтқысыз 
қызмет етуге әзір жаңа үлгідегі интеллигенция күштерінің қалыптасуымен» қатар «байырғы 
интеллигенция өкілдерінің жасампаздық потенциялының жаңа қырының ашылуы» деп 
айқындаған тұжырымы кеңестік идеология күстаналап келген алаштық үлгідегі ұлттық 
зиялы қызметін әділ бағалауымен маңызды деп білеміз.
Түркістанда өнеркәсіптің қалыптасуы барысында өндіргіш күштердің қарыштап да-
муы өлкедегі саяси-әлеуметтік үдерістерді жаңартушы рөл атқарды. Осы экономикалық те-
тіктің саяси-әлеуметтік сипатын айқындауға баса мән берген М.Х. Асылбеков зерттеулерінде 
теміржол саласында ұлттық кадрлардың пайда болуы мен қалыптасуы жан-жақты зерттелді 
(Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі.-Алматы, «Ел-шежіре» 
ҚҚ. 2013.-63 б.). Әсіресе ғалымның еңбектерінде Түркістандағы ұлттық зиялы өкілдері М. 
Тынышпаев пен Т. Рысқұловтың Қазақстанның экономикасын индустрияландырудағы қыз-
меті жаңа қырынан танылады (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын 
Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 65 б.). Соңғы жылдары академик М.Х. Асыл-
беков отандық тарих ғылымының тұлғатану саласында өнімді еңбек етіп, тың тұжырымда-
рымен көш бастап жүргендігін атап өтуіміз керек. Ұлттық саяси элитаның алғашқы буыны-
ның көсемі болған Әлихан Бөкейхановтан бастап кеңестік тоталитарлық жүйенің тезінен 
өткен Төлеген Тәжібаевтарға дейінгі бірқатар қайраткерлер туралы ғалымның тұжырымдары 
мәселені ұлттық мүдде тұрғысында бағалауымен ерекшеленеді.
Тәуелсіздік жағдайында тақырыпты жаңа әдіснамалық негізде қарастыру бағытында 
М. Қозыбаевтың еңбектерінде интеллигенция тарихының «ақтаңдақтары» жаңа мазмұнмен 
толықты. Осындай жаңа концептуалдық бағыт пен әдіснамалық негіз Ж. Абылхожиннің, Т. 
Омарбековтың іргелі зерттеулерінде одан әрі өріс алды. Е. Сыдықовтың зерттеулерінде (Т. 
Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография /Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» 
ҚҚ. 2013. – 65 б.) «Алашорданың ақсақалы» Шәкәрім Құдайбердіұлы бастаған бірқатар 
алаштық үлгідегі элита өкілдерінің қызметі жаңа көзқарас тұрғысында қарастырылды. Ал 
мәселені жаңа қырынан қарастырған Д. Махаттың саяси қуғын-сүргінге түскен ұлт зиялыла-
рының қатал тағдыры туралы зерттеу еңбегі 20-30 жылдардағы күрделі қоғамдық-саяси 
ахуалдың себептерін ашып, оған объективті баға беруге арналды. Ол әсіресе ресми биліктің 
ұлттық зиялыны жікке бөліп, олардың ұлттық мүдде жолындағы бірлігін әлсіреткен саяси 
күрес шараларының идеялық негізін айқындауға күш салған. Соған сай «рысқұловшылдық», 
«қожановшылдық», «мендешовшілдік», «сейфуллиншілдік» сияқты саяси айдарларға партия-
лық билік ойдан шығарған жікшілдік деп баға беріп, элита арасында ұлттық негіздегі терең 
алауыздықтың болмағандығын дәлелдейді (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Моногра-
фия/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 65 б.). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет