ҚазҰУ хабаршысы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.12.2022
өлшемі1.09 Mb.
#467117
1   2   3   4   5
152-1-294-1-10-20160407

А. Р. Əліпбаев 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ҮРДІСІНІҢ
ТАҒЫЛЫМДЫҚ АСТАРЫ 
Əлем жаңа даму сатысына көшкен сайын 
əлемнің саяси бейнесі де өзгерістерге түсіп жа-
татындығы ақиқат. Соған орай мемлекетаралық 
қарым-қатынастардың жаңа деңгейі қалыптасады. 
Яғни, халықаралық қатынастар жүйесі енді жаңа 
қағидалар мен жаңа саяси байланыстар ережесін 
негізге алады. Сол ретте келіссөздер ежелден 
халықаралық байланыстың дəстүрлі түрі ретінде 
болып келсе, бүгінгі күні келіссөздер заманауи 
ақпараттық технологияларсыз мүмкін емес.
Дегенмен біздің санамыз əлі де бұрынғы ке-
ліссөздерді көз алдымызға елестетеді, тек за-
манның жаңа даму сатысы келіссөздер жүргізу 
үрдісіне өзіндік түзетулерін енгізуде. Жаңа 
технологиялық дамудың нəтижесінде мем-
лекетаралық саяси бақталастық пен бəсе-
келестіктің де түрлері мен тəсілдері өзгеріске 
ұшырады. Бұл өз кезегінде келіссөздер жүргізу 
тəсілдеріне тікелей əсер етті.
Ежелгі кезеңнен келіссөз сөзі латындық 
negotians – саудагер сөзімен етене жақын. 
Алғашқы шығу мəні де саудагерлік қызметімен 
тікелей байланысты болған. Шын мəнінде, 
«келіссөз» ұғымы саясатқа əлдеқайда кейінірек 
енді, бас кезінде күнделікті өмірде жəне экономи-
када, тіпті адамзат өркениетінің басталу сəтінде 


Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. №3-4 (53-54), 2011
15
адамдар бір-бірімен жеке жəне əлеуметтік-эконо-
микалық мəселелеріне қатысты келіссөздер жүр-
гізуге мəжбүр болды. Ал бүгінгі халықаралық 
саяси келіссөздер саяси билік, құқық жəне күш 
ұғымдарымен үйлесіп кеткен. 
Н. Макиавелли мен К. фон Клаузевиц 
саяси келіссөздер де соғыс іспеттес билік пен қуат -
тылықты өзіне қаратуға қауқары бар құрал деп 
есептеді. Олар үшін саясат пен дипломатия келіс-
сөздер барысындағы бар жоғы «басқадай құралмен 
жүргізілген соғыстың жалғасы ғана» еді [1]. 
Бүгінгі күні «халықаралық келіссөздер» 
ұғымы дипломатия мен халықаралық қатынастар 
саласында нық бекіген ұғым, өйткені келіссөздер 
дипломатиялық қызметтің тұғыры болып та-
былады. 
Халықаралық 
келіссөздер 
тари-
хы дипломатия тарихы десе болады, ресми 
дипломатиялық қызметтің басқа нұсқалары 
мен түрлері келіссөздерге қатысты бағынышты 
орында. Келіссөздерді мемлекетаралық қарым-
қатынастардағы қайшылықты жағдайларда са-
яси мəмілеге қол жеткізудің өнері мен ғылымы 
ретінде де қарастыруға болады. 
Халықаралық қатынастардағы келіссөздердің 
мəні мен маңыздылығын ашуға ежелден бері 
көптеген ғалымдардың еңбектері арналған бо-
латын. Солардың бірі кардинал Ришелье «Саяси 
өсиет» атты еңбегінде келіссөз жүргізудің мем-
лекет үшін орасан зор маңызды екендігін атап 
өткен. 1714 жылы француздық ғалым Франсуа 
де Кальердің «Ел билеушілерімен келіссөздер 
жүргізу тəсілдері» деген еңбегі сол кезеңдегі 
келіссөздер жүргізуді зерттеген бірден-бір 
ғылыми зерттеу болып табылады.
Кейінгі ХХ ғасырдың ортасынан бастап 
келіссөздер үрдісі жүйелі түрде зерттеле бас-
талды. Өйткені соңғы дəуірде мемлекеттер 
арасындағы қайшылықты мəселелерді ғылыми 
тұрғыдан саралап, қатысушы тараптардың ортақ 
мəмілеге жету мүмкіндіктерін ашуға талпыныс 
өрби түсті. Əрине, əртүрлі бағыттағы ғалымдар 
да бұл сауалнамаға əр алуан жауаптар береді. 
Дегенмен адамдар арасындағы өзара əре-
кет тестік пен ынтымақтастықтың ерекше түрі 
болып табылатын халықаралық келіссөздердің 
үйренуге тұрарлық екендігін барлығы да мойын-
дайды. Өйткені ол адамзаттың даму барысында 
кездесетін тұғырықтардан шығу жолдарының 
ұтымды жақтарын ескеруге жол ашады. Алайда 
келіссөздердің əдіс-тəсілдерін меңгеру шеберлігі 
негізінен тəжірибемен игеріледі, оған ұлы
Гёте 
сөзі де дəлел: «Қанша айтқанмен теория сүреңсіз 
ғой, досым-ау, ал өмірдің мəңгі балғын-бəйтерегі 
осынау».
Ал егер келіссөздерді шеберлік ретінде 
қарастыратын болсақ, онда оның, ең алдымен, 
«мүмкіншілік өнері» екендігін байқамау мүмкін 
емес: ол қашанда қандай да бір тəуекелдікке 
кіріптар «дəлелдеу», «дəйектеу» жəне «жеңу» 
аралығындағы тылсым қырды теңестіреді. 
Сондықтан да халықаралық келіссөздер – бұл 
тəуекел ету түрі, əрекет барысында қатысушылар 
бір-бірінен болашақ өзара келісімнің сипатын 
айқындау мүмкіндігін даулауға қол жеткізеді. 
Мұнда шешуші сəт тəуекел ұғымымен берілетін 
белгісіздік қағидасы болып табылады, ал 
тəжірибелі келіссөз жүргізушінің шеберлігі 
осы тəуекелді барынша азайтуында. Егер 
келіссөздерді мəмлеге келу шеберлігі ретінде 
қарастыратын болсақ, онда амалдау шеберлік 
тəсілдеріне, ептілігіне, төзімділік шеберлігіне 
көңіл бөлу өте маңызды. 
Тəжірибелі саясаткерге белгіленген сая-
си бағытты жүзеге асыру үшін келіссөздер 
кезінде сезімталдық пен аса шеберлік қажет.
Бұл 
француздың 
белгілі 
саясаттанушысы 
М. Дювержеге саясатты «екіжүзді Янус» деп ата-
уына себепші болды. Өйткені саясатта жалынды 
күрес пен салқынқанды сақтық, əрекет еркіндігі 
мен қатаң шынайылық қажеттілігі, саралаудың 
айқын тиімділігі мен сезімталдықтың жұмбақ 
түсініссіздігі сияқты қарама-қайшы бастама-
лар біте қайнасып кеткен. Бірақ сол қарама-
қайшы бастамалардың арпалысы халықаралық 
келіссөздерді адамзат тəжірибесіндегі ғажайып 
елеулі салаға айналдырды. Əлбетте, егер халық-
аралық келіссөздерге ғылыми тұрғыдан қарай-
тын болсақ онда, ең алдымен, саяси тəжіри-
бенің бұл түрін адамзаттың басқа өзара саяси 
əрекеттестігінен бөлу қажет. 
Келіссөздерді басқа саяси тəжірибемен – 
кеңесулермен, дау-дамайлармен, қақтығыстармен 
салыстыра отырып келіссөздер олардан айқын іс-
жүргізу қырларымен ерекшеленетіндігін байқауға 
болады. Халықаралық келіссөздер үрдіс ретінде 
өз қатысушыларының ұлттық мəдениетінің əр-
қилылығына қарамастан мазмұнының (келіссөз 
тақырыбының) тұтас бірлігін, қарым-қатынас 
үрдісін жəне белгіленген іс-жүргізу тəртібін 
білдіреді. 
Халықаралық келіссөздердің іс жүргізу 
астары – бұл ереже, талқылау тəртібі жəне про-
токол, яғни қатысушылардың келіссөздерді 
жүргізу ережесі жөніндегі келісімі. Басқа саяси 
қарым-қатынастардан келіссөздердің ерекшелігі 
сонымен 
бірге 
уағдаласушы 
тараптардың 
бірлесе отырып шешуді қажет ететін ортақ 
мəселелерінің болуы. Мəселені бірлесе оты-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет