ҚазҰУ хабаршысы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.12.2022
өлшемі1.09 Mb.
#467117
1   2   3   4   5
152-1-294-1-10-20160407

Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. №3-4 (53-54), 2011
17
1) шешуге тиісті мəселені іздеу; 
2) əрекеттер бағдарламасын жасау;
3) келісімге келу.
Басқа да авторлардың келіссөз кезеңдерін бөлу 
тұжырымдарын жинақтай келе, келіссөздерді 
жүргізуді келесідей бөлуге болады:
– келіссөздерге дайындық (келіссөз алдындағы 
саты);
– оны жүргізу барысы жəне егер келіссөз 
келісімге қол қоюмен аяқталса ортақ шешімге 
қол жеткізу (өзара əрекеттесу сатысы);
– келіссөз нəтижелерін сараптау жəне келі-
сілген шарттарды орындау (имплиментация).
Осы сатыларды бөліп қарастыру себебі, ең ал-
дымен, олардың əрқайсысында əрекеттің əртүрлі 
болуымен түсіндіріледі.
Келіссөздің келесі маңызды сипаты – тарап-
тардың өзара қарым-қатынасқа түсуі, араласуы. 
Келіссөз – ол мəселені талқылауды меңзейді. 
Р. Фишер мен У. Юрий өз зерттеуінде – арала-
су келіссөздің құрамдас бөліктерінің бірі бо-
лып табылатындығын айқындайды, араласусыз 
келіссөздің де болмайтындығын дəйектейді.
 
Яғни қазіргі ғылымда келіссөздерге қатысты 
бір-бірін толықтыра түсетін сан-алуан əдіс-
тəсілдер дамуда. 
Біржағынан, саясаткерлер ереуілдермен, ше-
рулермен жалғасып жатқан саяси əрекеттердің қы-
сымымен асығыс келісімдерге келіп жатса, екінші 
жағынан, келіссөздер жиі-жиі сая си ойын ретінде 
де жүргізілуде, əсілі, қақты ғысты жағдайларда 
бітімге келуге ұмтылып жатқандықтарын паш 
ету үшін. Кейбір шақта саясаткерлер келіссөздер 
жүргізуге қандай да бір қатерден құтылу мақ-
сатында (лаңкестік қатерден жəне т.б.) барады. 
Сонымен бірге келіссөздер жүргізудің қажеттілі 
– біржақты саяси іс-əрекеттер қауқарсыз не-
месе мүмкін болмаған жағдайда; заңды негізде 
нақтылы іс-шаралар белгіленбегенде; туындаған 
мəселені соттың негізінде шешкеннен гөрі 
келісімге келген тиімді деп табады. Дегенмен 
кез келген жағдайда келіссөздер жүргізу өзара 
түсіністікке деген жігерді, тіпті ынталықты, 
қарама-қайшы көзқарасқа қарамастан жеке 
тұлғаға деген ізеттілікті ескеруге тиіс. Кəсіби са-
ясаткерлер саяси келіссөздердің тиімсіз сəтін де 
ескертіп жатады, бұл, негізінен, тараптар бітімге 
келуді қаламаған жағдайда. Яғни, келіссөздердің 
мəн-мағынасын түсіну үшін оны зерттеу 
амал дарын да қарастырған дұрыс. Сол ретте 
ғылымда келіссөздер үрдісін зерттеудің бірқатар 
тағылымдық негізі қаланған. Олардың ішінде 
жалпытағылымдық шеңберде зерттеу, мұнда, 
алдымен, келіссөздер жүргізудің тағылымдық 
заңдылықтарын айқындауға талпынады. Келесі 
бағытты келіссөздер жүргізудегі нақты кеңестер 
мен нұсқаулар қамтиды. Келіссөздердің үлгілерін 
дайындау арқылы тағылымдық ойындарға көңіл 
бөлу, соның негізінде келіссөздердің нəтижелерін 
болжау да өзіндік бір зерттеу бағыты болып са-
налады. Келіссөздер жүргізу кезеңінде оған 
қатысушылардың қарым-қатынасындағы пси-
хологиялық астарды зерттеу де назардан тыс қал-
маған. Осы аталған бағыттарға бірқатар ғылыми 
еңбектер арналған. Ол зерттеулерде нақтылы 
белгіленген бағытқа сай өзіндік зерттеу əдіс-тəсілі 
қолданылады. Бүгінгі күні келіссөздер үрдісін 
зерттеуде қолданылатын негізгі əдістер: бақылау, 
құжаттарды саралау, сауалнамалар өткізу жəне 
сұхбаттасу, естелік жазбаларды сараптау, кон-
тент-сараптама жəне т.б. 
Зерттеудің бақылау əдістері келіссөздерге 
қатысушылардың болуына, келіссөздер үрдісінің 
болуына жəне бақылау құралдарының болу-
ына негізделеді. Бақылаудың тікелей болуы 
мүмкін, яғни бақылаушы келіссөздерде үшінші 
жақ мəртебесінде, сырттай бақылауы мүмкін, 
негізінен, теледидар, радио, интернет жүйесі 
арқылы жүзеге асырады, ішінде қатысуы арқылы 
бақылауы мүмкін. 
Келіссөздерді зерттеуде құжаттарды саралау 
ең кең тараған əдіс. Ең алдымен, зерттеушілер 
келіс сөздердегі стенограммалық жазбаларды
келіс сөздердің қорытынды құжаттарын қарас-
тырады.
Сауалнамалар өткізу жəне сұхбаттасу жанама 
бақылау түріне де жатады. 
Келіссөздер жөніндегі орасан зор мəліметтерді 
мемлекет қайраткерлерінің, дипломаттардың, ке-
зінде келіссөздерге қатысқан лауазымды тұл ға-
лардың естелік жазбаларынан алуға болады. Мұн-
дай деректер аса маңызды болып табы лады, өйткені 
стенограммалық жазбалар мен келіссөздердің 
қорытынды құжаттарында қам тылмайтын мəлі-
меттермен танысуға болады. Олардың қа та рында 
келіссөздерге қатысу шылардың алдын ала дайын-
далу сəттері, келіс сөздер барысында ұс танған əдіс-
тəсілдері, келіс сөздерді өткізу іс-шаралары жəне 
т.б. мағ лұматтар кездеседі.
Сондай-ақ зерттеу жұмыстары барысында 
контент-сараптама да жиі қолданылады. Оның 
негізгі мəні: жазба немесе ауызша мəтіндерді 
жүйелі саралай отырып жиі қайталанатын сөз 
тіркестерін немесе оқиға желісін атап өту. 
Əрине, келіссөздер үрдісін толыққанды ашу 
мақсатында ғылыми зерттеу əдістерін де кең 
көлемде, жан-жақты қолдану керек. Бұл алға 
қойылған мақсаттың нəтижелі болуының кепілі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет