39
зардапты Аса зардапты қасиет Н5 және Н7 анықталған.
Тұмау
вирусы
ауру
және
аурып
жазылған
құс
организмінде
антигемагглютининдеуші, вирусты бейтараптаушы,
комплимент
байланыстырушы антиденелердің пайда болуына жауапты.
Жұғу жолдары. Вирус пантропты. Қоздырушының тропизмі
жоғарғы
тыныс
жолдарының
кілегей
қабықтарының
клеткаларында. Көп мөлшерде вирус кеңірдек бөліндісінде, мұрын,
көмекей, өкпе кілегейлі қабықтарының қырындысында болады.
Аурып жазылған құс екі жылдай вирустасмалдаушы болуы мүмкін.
Вирусты таратушылар
ауру құс пен балапандары, олар
жазылғаннан кейін күн бойы қоршаған ортаға бөледі. Қоздырушы
жабайы құстар,
жәндіктер, адамдар арқылы тарайды. Ауру құс
вирусты нәжіс арқылы бөледі, сондықтан індет зарарланған сумен,
азықпен де жұғады.
Құстың тұмау вирусының барлық түрлері ТЭ
аллантоис және
амнион қуыстарын зақымдағанда жақсы өседі, 26-36
сағатта ТЭ
өлтіреді. Вирустың кейбір штамдары ТЭ фибробластарының клетка
өсінділерінде өседі, кейбіреуі диплоидты,
тұрақты клетка
өсінділерінде өсіруге болады.
Зертханалық балау.
Вирустың индикациясы:
1) Зерттелетің материалды 9-10- күндік ТЭ амнионына және
аллонтоис қуыстарына енгізіп 24 сағат инкубациялайды.
2) Клетка өсінділері (ТЭ фибробластарынан алынған) сиректеу
қолданылады. 24-48 сағаттан кейін вирустың ЦПӘ анықталады.
3) 2-3 айлық балапандарға биосынама қою. 36-72 сағаттан кейін
балапандар өледі
4) ГАР жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: