42
Нъюкасл ауруы - Newcastle disease тауықтың аса жұғымтал
инфекциясы, пневмониямен, энцефалитпен, ішкі мүшелерді
көптеген нұктелі қан құйылғанымен сипатталады.
Ауру көп
елдерде кең тараған үлкен экономиялық зиян келтіреді және аса
қауіпты індеттерге жатады. Бұл ауру жақсы құс шаруашылығы
дамыған елдерде тіркеледі.
Алғашқы рет Нъюкасл ауруы Ява аралында 1926 жылы
анықталды. Вирусты 1927 жылы Краневельд ашты.
Қоздырушысы парамиксовирустар туыстығына жатады. Бұл
күрделі вирус, пішіні полиморфты
көбінесе шар тәрізді келеді,
бірақ таяқша, жіпшелі, ракеткаға ұқсас пішіндері де кездеседі,
капсид симметриясы спираль тәрізді. Вирустардың көлемі 100-200
нм, бұданда үлкендері болады. Суперкапсидте
гемагглютинин және
нейроминидаза бар. Геномы бір жіпшелі сызықшалы РНҚ.
Төзімділігі. Вирустың төзімділігі ортаға байланысты. Вирус
мұздатылған жағдайда 2
жыл сақталынады, +56
0
С вирустың
патогендік, гемагглютининдік, иммуногендік қасиеттері 5 минуттан
6 сағаттын ішінде бұзылады. Формалиннің (1-2%), натрий
гидрототығының (1-2%), сабынды крезолдың (1%) және фенолдың
(3-5%) ертінділері вирусты тез арада өлтіреді.
Антигендік қасиеттері Вирус құрамында гемагглютинин және
нейроминидаза бар, және құрамында М, F-белок және S
антигендері бар, бұлармен вирустың антигендік және иммуногендік
қасиеттері
байланысты.
Ағзада
вирусқа
қарсы
вирусты
бейтараптаушы,
комплимент
байланыстырушы,
антигемагглютиндеуші антиденелер пайда болады. Қоздырушының
патогендік және вируленттік қасиеттеріне байланысты табиғи
әлсіретілген штамдары бар.
Жұғу жолдары. Вирус
организмге тыныс жолдары,
зарарланған жем, су, арқылы енеді. Ал ағзада гемотогендік жолмен
таралады да, паринхиматозды мүшелердің сұйек майының, мидың,
бұлшық еттің, трахеиальды сілекейдін, жінішке және жуан ішектің
клеткаларында шоғырланады.
Достарыңызбен бөлісу: