15
басқару жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі №33
бұйрығының талаптарына сәйкес болу қажет.
Барлық хат-хабар Жарғының және «Іс қағаздарын жүргізу туралы»
нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып,
өздері әзірлеген фирмалық
бланкілерде ресімделеді. Құжаттары көп мекемелерде, мысалы: қаулы, шешім,
бұйрық сияқты құжат түрінің атауы типографиялық әдіспен басылған
бланкілерді пайдаланады. Барлық құжаттардың азат жолы:
сол жағынан және
жоғарыдан – 20мм (2см), оң жағынан және төменнен – 10мм (1см) болуы қажет.
Құжат айналымын ұйымдастыру барысында сол құжаттармен
жүргізілетін жұмыстарының біртұтас технологиялық сызбасын (схема) әзірлеу;
жұмыс
функцияларын регламентеу; олардың орындалуын бақылау;
құжат
айналымының көлемін талдау; құжат айналымының көлемін ай, тоқсан, жыл
ішіндегі кіріс, шығыс бөлек есепке алынады,
ішкі құжаттар бөлек есепке
алынады. Кіріс құжаттары – сырттан келетін құжаттар. Шығыс құжаттары –
сыртқа кететін құжаттар. Ішкі құжаттары – мекеменің ішіндегі жұмыстарға
байланысты құжаттар. Құжат жұмысы уақытында сапалы орындалса, қосымша
құжаттарға сұраныс болмайды.
Бақылау сұрақтары:
1)Іс қағаздардың жұмысы неге сәйкес болуы қажет?
2) Іс қағаздар қандай бланкілерде ресімделеді?
3) Жазу, толтыру технологиясы парақта қай ережеге сәйкес болуы қажет?
4) Құжат айналымын қалай ұйымдастырады?
5) Қай кезде қосымша құжаттарға сұраныс болмайды?
Бақылау тапсырмасы:
1.Келесі сөз тіркестермен 3 сөйлем құрастырыңыз:
құжат айналымы, шығыс
құжат, ішкі құжат, кіріс құжат, тіркеуге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: