7-дәріс. Маркетингтік зерттеу жүргізудің жалпы әдістері Кабинеттік зерттеулер әдісі


Кабинеттік зерттеулер әдісімен шешілетін



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата17.12.2022
өлшемі1.35 Mb.
#467420
1   2   3   4   5   6   7
7 -дәріс. МЗ жалпы әдістері

Кабинеттік зерттеулер әдісімен шешілетін
міндеттер:
нарықтағы ағымдағы жағдайды сипаттау;
нарық дамуының өзекті үрдістерін анықтау;
нарықтың көлемін (немесе сандық параметрлерін) және 
өсу немесе құлдырау қарқынын бағалау, нарықтың негізгі
көрсеткіштерінің дамуын болжау;
нарық құрылымын сипаттау;
бәсекелестік орта мен жеткізушілерге талдау жүргізу;
баға және ассортимент саясатын талдау;
сату мен жылжытудың негізгі арналарын анықтау;
нарықтағы бос тауашаларды анықтау;
басқа әдістерді қолдана отырып, нарықты зерттеудің 
одан әрі жолдарын қалыптастыру.


Кабинеттік зерттеуге арналған ақпарат көздері:
заңдар және заңға тәуелді актілер;
мемлекеттік статистика деректері;
халық санағының деректері;
сауда қауымдастықтарының, сауда палаталарының, 
салалық одақтардың деректері;
бәсекелестердің, жабдықтаушылардың есептері;
БАҚ-тағы жарияланымдар (жалпы тақырыптық және 
салалық);
бейресми байланыстар барысында сарапшылардан
алынған деректер;
Фирмаішілік құжаттар мен есептер.


2. Зерттеудің далалық әдісі
Далалық зерттеу әдісі - біршама күрделі және 
қымбат, бiрақ тиiмдi әдіс болып табылады. Бұл 
әдiстiң мәнi нарықта бірінші ретті мәліметтерді 
жинақтаумен тұжырымдалады. 
Мұның барысында алғашқы мәлiметтерді 
жинаудың әр түрлi сандық және сапалық әдiстерi: 
пікір сұрау, бақылау, эксперимент, фокус-топ, 
тереңдетілген сұхбат, проекциялық және 
панельдік зерттеулер қолданылады.


Оның артықшылығы, ол нарық конъюнктурасы,
тұтынушылардың талаптары мен тапсырыстары, 
сауда дәстүрлері және салттары, сату және өткiзу 
әдiстерi, ағымдағы баға, нарық үлесі және 
көлемімен тез әрі жан-жақты танысуға мүмкіндік 
береді. Бұл әдісті қолдана отырып, әлеуетті 
тұтынушылармен жеке байланыстар орнатуға, 
нақты нарықта біршама сұранысқа ие бәсекелес-
фирмалардың тауар үлгiлерiн сатып алуға болады. 


Далалық
зерттеу
нарықтағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет