3.Сынақ сатулары әдісі.
Сынақтық сату әдiсі шаруашылық
субъектісі (кәсіпорын, фирма және т.б.)
төмендегі шараларды жүзеге асырғанда
қолданылады:
жаңа нарықтарды меңгере
отырып өз
үлесін кеңейткенде;
-
аталмыш нарық үшін жаңа және
сирек
кездесетін тауарлармен шыққанда;
қажеттi мәлiметтері жоқ, ал зерттеу жүргізу
үшін уақыт, кейбір жағдайларда құралдар
жетіспейді.
Сынақ маркетингі (нарықтық (маркетингтік) тест)
– шектеулі, бірақ мұқият таңдалған
сынақ нарығында
өткізілетін эксперимент.
Сынақ маркетингінің мақсаты – тауардың
нарыққа
шығу сәттілігінің дәрежесін бағалау және бірнеше
тәуелсіз факторлар нұсқасының
әсерін сынақтан
өткізу болып табылады.
Шаруашылық субъектісі жаңа өнімді ұлттық нарыққа
шығару туралы шешім қабылдамас
бұрын немесе
маркетингтік қоспаға (мысалы, жаңа витринаның сату
көлеміне әсерін өлшеу, бөлшек бағаның тауардың
нарықтағы үлесіне, әр түрлі
жарнама эффектісінің
тауарды сату көлеміне әсері және т.б.) өзгеріс енгізу
мақсаттарында сынақ маркетингін қолданады.