7-дәріс. Маркетингтік зерттеу жүргізудің жалпы әдістері Кабинеттік зерттеулер әдісі



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата17.12.2022
өлшемі1.35 Mb.
#467420
1   2   3   4   5   6   7
7 -дәріс. МЗ жалпы әдістері

Сынақ (тестік) нарығы – бірқатар параметрлер бойынша сынақ 
маркетингін өткізу талаптарына жауап беретін, мұқият таңдалған 
нарық бөлігі:

Нарық негізделген қорытынды алу үшін жеткілікті деңгейде 
ауқымды болуы қажет. Осыған байланысты ол нарықта әлеуетті 
тұтынушылардың кемінде 2% болуы керек.

Нарық демографиялық және мінез-құлық сипаттамалары 
бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану мен 
бәсекелестік дәрежесі бойынша репрезентативті болуы тиіс.

Нарық бұқаралық ақпарат құралдары мен тарату арналары 
бойынша коммуникативтік тұрғыда қолжетімді болуы қажет.

Нарықта жаңа сынақтан өткізілетін тауармен ұқсас тауарды 
тұтынуға байланысты бұрынғы тәжірибе болуы керек.

Басқа да осындай эксперименттерге толы болмауы керек.

Нарық «қалыпты» болуы керек, яғни қандай да бір сала не 
болмаса институттар үстемдік етпеуі қажет.

Тестіленетін қалаларды таңдауда алдын ала болжанатындық 
негізгі фактор болуы керек .


4. Дербес іскерлік байланыстар 
әдісі
Дербес iскер байланыс әдiсі тұтынушы-ұйым өкiлдерiмен және
шетелдік фирмалармен іскерлік байланыстарды қолдау үшін 
қолданылады. 
Бұл әдiс өнеркәсiптiк нарықты және өндiрiстiк мақсаттағы 
техникалық күрделi тауарларды зерттеу барысында маңызды рөл 
атқарады (машиналар, жабдықтар және т.б.). 
Өндiрушi-фирмалар мен тұтынушы-фирмалар өкiлдердiң 
арасындағы дербес байланыстар әртүрлi тәсілдермен бекiтiледі 
және қолдау табады:
-
фирмалардың бір-біріне келуі жолымен;
-
фирма мамандарының аймақтық, ұлттық және халықаралық 
ғылыми-практикалық конференциялардағы, жәрмеңкелердегі, 
көрмелердегі, сауда биржасы және т.б. кездесулерi.


Мұндай байланыстарда сатушы-фирманың 
өкілі тұтынушының техникалық кеңес берушісі 
ретінде көрінеді. 
Ол тұтынушы-фирманы көндіру үшін 
ұсынылған жабдық туралы жақсы хабардар 
болуы, аталмыш жабдықтарды пайдалану 
нәтижесінде тұтынушы қол жеткізе алатын 
шешімдерді көрсетуі, ол тұтынушы-фирманың 
талаптарымен сәйкес келетінін көрсетуі қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет