И. А. Зимняя педагогикалық психология


Меңгерудің негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет126/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Меңгерудің негізгі сипаттамалары 
 
Меңгеру ең алдымен беріктікпен сипатталады, беріктік 
меңгерілген білімдермен ӛндірілген ептіліктерді пайдаланудың оның 
уақытына, 
ситуациялардың 
айырмашылығы 
мен 
шарттарына 
тәуелсіздігімен анықталады. Тҧтастай меңгерудің беріктігі қабылданып 
отырған оқу материалының жҥйелілігіне, мағына қҧраушылығына, 
оның тҧлғалық мәнділігіне және осы материалдың оқушыда тудырған 
эмоционалдық қатынасына біршама тәуелді. Егер де оқу материалының 
ӛзі, оны қабылдау, есте сақтау қуаныш, қанағаттану сезімін тудырса, 
онда меңгерудің тиімділігінің психологиялық алғышарты жасалады. Іс-
әрекетке енген және болашақ практикада пайдалануға бағытталған 
нәрсе жақсы меңгеріледі.
Меңгерудің маңызды сипаттамасы – оның басқарылуында. 
Меңгеруді басқару ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасу жолы 
бойынша іске асырылуы мҥмкін; ол «классикалық» жолмен, 
бағдарламаланған немесе проблемалық оқыту арқылы жҥзеге аса алады 
және т.б., маңыздысы, меңгеру басқару объекті болып, ол оның ӛзі әр 
оқу пәні ҥшін ӛзгеше болуында.
Авторлар меңгерудің тҧлғалық болуын (сонымен бірге, 
меңгерудің, оқу «іс-әрекетінің мектеп оқушысы тҧлғасының 
қалыптасуына әсерін) ерекше атап кӛрсетеді. Бҧл ӛзара әсер ету 
оқытудың ӛзінің тҧлғаның психикалық дамуына, оның психикалық 
жаңа қҧруларының (жаңа тҥрткілер, мақсаттар, меңгеру стратегиясы, 
бағалау және т.б.) қалыптасуына әсерінің тиімділік кҥшіне сәйкес 
жҥзеге асырылады. Меңгеруді қарастыруда С.Л. Рубинштейн оқытуға 
қатысты тҧлғалық-іс-әрекеттік келістің жалпы контекстіндегі аса 
маңызды ойды атап кӛрсетеді: «меңгеру ... жалпы бүкіл оқу барысы 
оқушының оқыту процесінде қалыптасатын оқу материалына, 
мұғалімге, оқудың ӛзіне деген ӛзгеше қатынастармен шартталған»,  
ал оқытудың ӛзі сонымен бірге «...қандай да бір қабілеттерді ғана 
емес, тұтастай тұлғаны, оның мінезі мен дүниетанымын 
қалыптастырады» [ 194, 2 т., 92, 93 б.].
Барлық зертеушілер (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, С.Л. 
Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов және т.б.) тҥрлі жас 
кезеңдеріндегі оқушылар ҥшін, қҧралдарды игеру бойынша да, ӛнімді
және қайта жаңғырту арақатынас бойынша да меңгеру сипатының 
психологиялық ерекшеліктерін атап кӛрсетеді. «Кіші мектеп жасында 
әдетте оқушының оқу материалының жоғары тәуелділігі байқалады. 
Оны қайта ӛндіре отырып, ол әрқашанда түпнұсқа құрылымын 


227 
сақтауға бейім, оған қайта жаңалау , қайта комбинациялау ӛте қиын... 
Жоғары сынып оқушысында ол үшін барлық мүмкіндіктер бар, егерде 
олар жүзеге асырылмаса, оған тек оқытудың ұйымдастырылуындағы 
кемшіліктер кінәлі» [ 194, 2т., 92 б.]. Меңгеру механизмі тасымал болып 
табылады, оның ішкі механизмі – жалпылау (С.Л. Рубинштейн, Е.Н. 
Кабанова-Меллер, Д.Н. Завалишина). жҥргізілген зерттеулерде оқыту 
процесінде жалпылау ҥш желіс бойымен жҥретіні кӛрсетілген: әрекет 
принципін, бағдарламасы мен тәсілін жалпылау. Егерде әрекет 
принципін жалпылау оқушының негізгі ережені, заңдылықты, әрекеттің 
негізгі стратегиясын тҥсінуі болса, онда тәсілді жалпылау оның жҥзеге 
асырылу жолын тҥсіну болады. Бағдарламаның ӛзі әрекеттердің 
бірізділігі болып табылады. Оқу іс-әрекетінде, олай болса, 
жалпылаудың ҥш қҧраушылары да ӛңделуі тиіс.
Меңгеру тағы да білімдердің ӛзектелуге дайындығымен 
(жеңілдігімен) және олардың толықтығымен, жҥйелілігімен сипаттала-
ды. Меңгерудің маңызды сипаттамасы оның кӛрсеткіші ретінде әрекет 
болатындығы, әрекеттің сипаты меңгерілгендігін растайды. Басқаша 
айтқанда, әрекет сипаты меңгерудің барлық сипатын куәләндырады. 
Сондықтан, соңғылар тек тікелей ғана емес, әрекет арқылы жанама да 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет