И. А. Зимняя педагогикалық психология


Меңгерудің құрылымдық ұйымдасуы



Pdf көрінісі
бет124/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Меңгерудің құрылымдық ұйымдасуы
 
 
Меңгеруді (оқуды) зерттеушілердің барлығы оның біртекті емес 
процесс екенін, оның бірнеше компоненттерді, фазалар мен сатыларды 
қамтитынын атап кӛрсетеді. Мысалы, «меңгерудің психологиялық 
компоненттері» тҥсінігіне Н.Д. Левитов мыналарды жатқызады: 1) 
оқушылардың жағымды қатынастары, 2) материалмен тікелей сезімдік 
танысу процесі, 3) ойлау алынған материалды белсенді қайта ӛңдеу 
процесі ретінде және 4) алынған және ӛңделген ақпаратты есте сақтау 
мен қалдыру. Меңгерудің осы психологиялық компоненттеріне В.А. 
Крутецкий дидактикалық тҧрғыдан тҥсініктеме беріп, ӛз кезегінде осы 
компоненттерді кӛрсететін белгілі бір психикалық кҥйлер ретінде 
беріледі. Бҧл әр нақты жас кезеңіндегі оқушылардың оқу материалын 
меңгеруі ҥшін оқу жҧмысының оңтайлы қарқынымен дидактикалық 
байланыстырылады. Осы жерде заттық, бейнелеу (бейнелемелікті қоса) 
және сӛздік кӛрнекілік байланыстарының қажет екені аталынады.
Ойлау процесі меңгерудің ҥшінші компоненті ретінде барлық 
байланыстар мен қатынастардың ҧғынылуы мен тҥсінілуі, жаңа 
материалдың ҥйренушіде бҧрыннан бар оқытушы жҥйе тәжірибесіне 
қосылуы терминінде қарастырылады. Меңгерудің тӛртінші компоненті 
оқу материалының есте сақталу және ҧмытылмау процесімен
байланысты. Осы аймақтағы кӛптеген зерттеулердің (П.И. Зинченко, 
А.А. Смирнов және т.б.) кӛрсетуінше бҧл процестердің неғҧрлым 
тиімділігі тӛмендегідей: а) есте сақтауға шартына қатысты ҧстанымның 
нақтылығымен (практикада қолдану мақсаты, мезгілі, сипаты) және б) 
ҥйренушінің ӛзінің белсенді іс-әрекетіне қосылуымен анықталады.
Мысалы, оқу ережесінің (қағидасының) маңыздылығына, мәнділігіне 
және оны ӛмірде пайдалануға бағдарлану деген ҧстаным жағдайында 


223 
және де оны басқа ережелермен салыстыру кезінде ол есте әдейі 
ырықты жаттап алуға қарағанда берік сақталынып қалады.
Барлық зерттеушілер меңгерудің компоненттілігін атап кӛрсетеді, 
бірақ компоненттердің ӛзі тҥрліше аталынады. Оқу (меңгеру) 
теориясының негізгі массивін
жҥйелік талдау негізінде И.И. Ильясов 
шын мәнінде келесілер ғана бӛлінеді деген қортындыға келеді: «1) 
обьект және онымен әрекет жайлы меңгерілген білімдерді алу және де 
2) білімдер мен әрекеттерді игеру, ӛңдеу» [79, 76 б.]. Тӛменде И.И. 
Ильясов мҧндай қорытындының шынайылығына куә болатын 
аргументтер келтірген. Мысалға, И.И. Ильясовтың пікірінше, әр тҥрлі 
тҧжырымдамаларда екі компоненттің ішінен біріншісі мен екіншісі
ретінде келесі макрокомпоненттер бола алады: тҥсіну мен жаттап алу 
(Коменский); тереңдету (айқындық, ассоциациялар, жҥйе) мен әдіс 
(Гербарт); білімді табу мен бекіту (Дистервег); қабылдау, қайта ӛңдеу 
және әрекетте кӛріну (Лай); алу мен бекіту (Ушинский); алу, қайта 
ӛңдеу және қолдану (Каптерев); қабылдау, алаңдау, және іс-әрекетте 
тексеру (Лесгафт); байланыс орнату және байланысты нығайту 
(Торндайк); табыс және ес (Коффка); селективті қабылдау мен кодтау, 
сақтау, орындау (Гэгни); бағдарлану мен машықтандыру
(Лингарт); 
зейін, тҥсіну және ес, моторика (Бандура және т.б.); бағалау, әрекет 
тәсілін таңдау және жҥзеге асыру (Пэрис пен Кросс); қабылдау, тҥсіну 
және орындау, тексеру (Леонтьев); анықтау, бағдарлану және жаттығу
(Гальперин); қабылдау, мағыналау және әрекетте бекіту (Рубинштейн); 
тҥсіндірмені ҧғыну және әрекетте бекіту (Кабанова-Меллер); қабылдау, 
іздеу және жаттау (Ительсон); қҧралдарды саналы тҥсіну және жаттығу 
(Щедровицкий); іс-әрекетті когнитивті меңгеру және практикалық 
әрекет (Шадриков) [79, 76 б.]. 
Сонымен қатар, С.Л. Рубинштейн бойынша меңгерудің 
тереңдетілген талдауы оның компоненттерінің сапасы мен атауын ғана 
емес, шартқа енетін барлық процестер – қабылдау, есте сақтау, 
ойлаудың бәрі «оқыту барысында қалыптасатынын» тҥсінгенді 
ҧйғарады. Олар оқытудың екі жақты процесінде орналасады, ол жерде 
мҧғалім–оқушы және оқу материалы ӛзара байланысты және ӛзара 
шартталған. Бҧл, С.Л. Рубинштейн бойынша, осы процестердің ӛзінің 
оқу іс-әрекетінде және тҧтастай меңгеруде дҧрыс тҥсіндірілуінің
бірінші және негізгі принципі.
С.Л. Рубинштейн ізімен меңгерудегі осы психикалық процестердің 
барлығының ӛзара шартталғандығын, ӛзара қабысуын атап ӛту керек.
«Білімді меңгерудің беріктігі кейінгі оларды бекітудегі арнайы 
жұмысқа ғана емес, материалды алғашқы қабылдауға да байланысты, 


224 
ал оның саналы түсініліп қабылдануы – онымен бірінші рет тануға 
ғана емес, тұтастай онымен жұмыс істеуге байланысты» [ 194, 2 т., 
85 б.]. Меңгеру ҥшін маңыздысы оның қорытынды, нәтижелік кезеңі 
болып табылады – практикада қолднау, пайдалану немесе Д.Н. 
Богоявленский, Н.А. Менчинская атап кӛрсеткен білімдердің 
экстериоризациясы. Осы тҧрғыдан оқу материалын меңгеру сатыларын 
қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет