И. А. Зимняя педагогикалық психология


Педагогикалық іс-әрекет субъекті



Pdf көрінісі
бет84/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Педагогикалық іс-әрекет субъекті
құрылымындағы тұлғалық бағыттылық 
Н.В. Кузьмина бойынша, тҧлғалық бағыттылық кәсіби-
педагогикалқ іс-әрекет шыңдарына жетудің маңызды субъективті 
факторларының бірі болып табылады. Жалпы психологиялық мағынада 
тҧлға бағыттылығы «тұлға іс-әрекетін бағдарлаушы және бар 
ситуацияларға тәуелді емес тұрақты мотивтер жиынтығы ретінде 
анықтайды. Тұлғалық бағыттылық адамның дүниетанымы кӛрінетін 
қызығушылықтармен, бейімділіктермен, сенімділіктермен, идеалдар-
мен сипатталады» [179, 230 б.]. Педагогикалық іс-әрекетке қатысты 
осы анықтамалардың тҥсініктік мазмҧнынын кеңейте отырып, Н.В. 
Кузьмина оған тағы да шәкірттердің ӛзіне, шығармашылыққа, 
педагогикалық мамандыққа қызығушылықты, онымен айналасуға 
бейімділікті, ӛз қабілеттерін саналы тҥсінуді қосады.
Іс-әрекеттің негізгі стратегиясын таңдау Н.В. Кузьмина бойынша, 
бағыттылықтың ҥш типін шарттайды: шынайы педагогикалық, 
формалды педагогикалық және жалған педагогикалық. Бағыттылықтың 


148 
тек бірінші типі ғана педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижеге 
жетуге ықпал етеді. «шынайы педагогикалық бағыттылық, шәкірт 
тұлғасын оқытылып отырған пән құралдарымен қалыптастыруға 
деген, тасымалдаушысы педагог болып табылатын білімге деген 
шәкіртте бастапқы қажеттілікті қалыптастыру есебімен пәнді 
қайта құрылымдауға деген тұрақты мотивацияда болып отыр» [100, 
16-17 б.].
Шынайы педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мотиві педагогикалық 
іс-әрекет мазмҧнына деген қызығушылық болып табылады (Н.В. 
Кузьмина мәліметтері бойынша, ол 85% педагогикалық жоғары оқу 
орны студенттеріне тән). Педагогикалық бағыттылыққа оның жоғарғы 
деңгейі ретінде табиғи бейімділік қосылады, ол ӛзінің даму процесінде 
таңдап алынған іс-әрекеттегі қажеттілікпен байланыстырылады. 
Дамудың осы жоғарғы сатысында – табиғи бейімділік – «педагог ӛзін 
мектепсіз, ӛз оқушыларының іс-әрекетінсіз және ӛмірінсіз елестете 
алмайды» (Н.В. Кузьмина).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет