418
Басшының алдында, әсіресе қандай да бір ұйымға жаңадан
басшылық етіп бастаған адамдардың
алдында әрқашан бағынышты
қызметкерлермен арада қалыптасып келе жатқан немесе қалыптас-
қан қатынастарын бағалау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта
басшы
басшы – бағынышты (ББ) бағанын қолдануына болады.
ББ бағаны бағынышты тұлғалардың өздерінің басшыларына де-
ген қатынастарының сипаттамасына шұғыл түрде баға беруге
бағытталған. Ол 20
сұрақтан тұрады, оның әрқайсысына сына-
лушы тұлға «иә» деп келісуіне немесе «жоқ»
деп келіспеуіне
болады. Сұрақтардың көмегімен бағыныштылардың басшыға
деген қатынасындағы үш параметрін
бағалауға және сәйкестік
деңгейін анықтауға болады:
*басшының білімі, оның кәсіби машығы (1, 4, 7, 10, 13, 16,
19 – сұрақтар);
*басшының сезімталдығы,
оның адамгершілік танытуы,
назары мен адамдығы (1,4,7,10,13,16,19-сұрақтар);
*басшының талап қоюшылығы мен әділдігі, бағыныштылар-
мен өзара жақсы қарым-қатынас жасай білуі (1, 4, 7, 10, 13, 16,
19 – сұрақтар).
Сұрақтарды ауызша немесе жазбаша төмендегідей ретпен
қоюға болады:
1. Басшы – озат маман.
2. Мен басшымен жақсы қарым-қатынастамын.
3. Басшы – әділ адам.
4. Басшы мені кәсіби міндеттеріме жақсы оқытады.
5. Басшы – сезімтал адам.
6. Мен үшін басшының сөзі – заң.
7. Басшы менің қызметімді ақылмен ұйымдастырады.
8. Мен басшыма толық ризамын.
9. Басшы маған барынша жоғары дәрежеде талап қояды.
10. Басшы әрқашан дұрыс кеңес бере алады.
11. Мен басшыма толығымен сенемін.
12. Басшының берген бағасы мен үшін аса маңызды.
13. Басшы әрқашан дұрыс шешім жасайды.
14. Басшымен бірге қызмет істеу – мен үшін рахат.
15. Басшы маған көп көңіл бөледі.
16. Басшы менің қабілеттерімді жақсы біледі.
419
17. Басшы менің көңіл-күйімді әрқашан дұрыс түсінеді.
18. Басшы мені әрқашан тыңдауға және кеңес беруге дайын.
19. Басшы себепсіз жазаламайды.
Достарыңызбен бөлісу: