«XXI Сәтбаев оқулары» «СТУДЕНТТЕР» сериясы миру сегодня – уничтожит значительные биоразнообразия
в будущем [10, с. 48].
ЛИТЕРАТУРА
1 Голубев Г.Н. Геоэкология. Учебник для студентов высших
учебных заведений. – М.: ГЕОС, 1999 – 338 с.
2 Фюкс Р. Зеленая революция: Экономический рост без ущерба
для экологии. – М.: АНФ, 2016 – 330 с.
3 Дроздов А.В. Ландшафтное планирование с элементами
инженерной биологии. М.: КМК, 2006 – 239 с.
4 Ясвин В.А. Психология отношения к природе. – М.: Смысл,
2000. – 456 с.
5 Жукова И.С. Я забочусь о планете. Простые способы сделать
каждый свой день экологичным. – Бомбора, 2020. – 128 с.
6 Ершова М. Маленькая книга зеленой жизни: как перестать
быть врагом природы и спасти человечество. – Бомбора,2019. – 80 с.
7 Потрекий Я. Д. Zero Waste: осознанное потребление без
фанатизма. – Бомбора, 2019. – 208 с.
8 Дерябо С.Д., Ясвин В.А. Методики диагностики и коррекции
отношения к природе. – М.: Когито-Центр, 2015. – 147 с.
9 Колесников С.И. Экологические основы. – М.: КНОРУС,
2018 – 234 с.
10 Уилсон. Э. Будущее Земли. Наша планета в борьбе за
выживание. – М.: АНФ, 2017. – 242 с.
ТОПЫРАҚ ОРТАСЫНЫң АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ АСАиновА ж. м.
студент, Торайғыров университеті, Павлодар қ. бУРКитбАевА У. д.
PhD, қауымд. профессор, Торайғыров университеті, Павлодар қ. Топырақ – бұл атмосфераның, литосфераның, өсімдіктер мен
жануарлар ағзалардың ең белсенді өзара әрекеттесуіне жағдай
жасайтын жер қыртысының аз қуатты беткі қабаты. Барлық өзара
әрекеттесулер топырақ арқылы жүзеге асырылатындықтан, ол ең
күрделі табиғи жүйелердің – биогеоценоздардың, экожүйелердің,
биосфераның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады [1, 8 б.].
Топырақтың жалпы және ең басты экологиялық қызметтерінің
бірі – жердегі тіршіліктің табиғи ортaсы болып, тірі ағзалaрдың,
жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасауы болып саналады.
Топырақтың ғажайып ерекшелігі, оның бойында тіршілік
ететін ағзалардың өте тығыз орналасуы. Топырақтың екінші
маңызды экологиялық қызметі – құрлық биогеоценозында өтіп
жататын геологиялық және биологиялық зaттар мен энергия
айналымдарының сыбайластығының орталық буыны болуы.
Топырақтың құнарлылығы оның келеcі басты экологиялық
қызметі болып есептеледі. Сонымен қатар, топырақ ағзаларды
сумен қамтамасыз ету, атмосфера және жер асты сулармен келген
заттарды сіңіруі, өсімдік тұқымдарын сақтауы, гидротермалды
өктем құбылыстарды бәсеңдету, топырақтағы тірі ағзалардың
саны мен құрамын реттеуі, биогеоценоздардың даму тарихының
айғағы ретінде өз кескінінде қалдықтарды жинақтап сақтау сияқты
экологиялық қызметтер атқарады [2, 10-12 б.].
Ауыр металл дегeніміз – салыстырмалы атомдық cалмағы 40-тан,
тығыздығы 5г/текше см-дeн жоғары химиялық элементтер. Ауыр
металдарды улы элемeнттермен қоса есептегенде Мeнделеев кестесінің
2/3-дей бөлігін алады. Олардың ішінде кадмий, қорғасын және сынап
элeменттері ең улы ауыр металл болып саналады [3, 185 б.].
Қазіргі кезде ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы
тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен антропогенді жолмен де
қарқынды түрде жүруде. Олaрдың қатарына өндіріс қалдықтары,
тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру,
құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз
пайдалану, жылу-электр орталықтарын жатқызуға болады.
Топырақтағы ауыр металдардың арасында сынап (Hg), кадмий
(Cd), қорғасын (Pb), хром (Cr), мышьяк (Аs) және т.б. сияқты
биологиялық уыттылығы жоғары мeталдар жиі кездеседі [4, 131 б.].
Ауыр металдардың басқа ластаушылардан мынандай
ерекшеліктері бар:
– ауыр металдар арнайы ластаушы заттар тобына жатпайды,
себебі бұл заттар арнайы ластағыштарға қарағанда биосферада
қалыпты, экологиялық таза аймақтарда да кездеседі;
– ауыр металдарға «өзін-өзі» тaзарту ұғымы қолданылмайды,
яғни олар қоршaған ортада ыдырамайды. Олардың жартылай
тазаруының алғашқы кезеңі әр элемент үшін әр түрлі және ұзақ
уақытты қажет етеді: мырыш 70–310 жылға дейін, мыс 310–1500
жыл, кадмий 13–110 жыл, қорғасын 750–1500 жылды қажет етеді.