ISSN – 2617-6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022
38
ҒТАХР 78.09.20
https://doi.org/10.56132/
2791-3368.2022.3-49-04
Г.Т.Ысқақ
1
, О.С.Сангилбаев
1
1
Тұран университеті, Алматы, Қазақстан
(E-mail:
ospan_seidulla@mail.ru)*
Әскери қызметшілердің іс-әрекеті мен тұлғалық қасиеттері туралы
Мақалада
әскери
қызметшілердің
тұлғалық
қасиеттердің
ерекшеліктері
қарастырылған. Кез-келген мамандық үшін адамның сол қызмет түріне кәсіби
жарамдылығына мән берген жөн. Қарулы күштер және әскери құрылымдар қоғам мен
мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табыладды. Автор мақалада
қарастырылатын тұлға
және іс-әрекет психологиясы әскери қызметшілердің әрбір әрекетінде көрініс табатынын
жеткізеді.
Әскерде
жауынгерлік
мүмкіндіктерінің
маңызды
элементі-әскери
қызметшілердің жоғары моральдық-психологиялық жағдайы екенін көрсетеді. Моральдық
жағдай адамдағы, жойқын бомба мен ауыр танкке қарағанда ең күшті қару. Жоғары
моральдық жағдай - бұл жеңілісті жеңіске айналдыратын құрал деп те айтуға болады.
Моральдық-психологиялық жағдай - бұл психологиялық мүмкіндіктердің
жиынтығы,
жауынгерлік жағдайда белсенді және жанқиярлық әрекеттерге әр әскери қызметшінің
психикасының жұмылдыру дәрежесі мен көңіл-күйі екені рас. Ізденуші сарбаздардың
жауынгерлік рухын
нығайтудың маңызды факторы, олардың қазіргі заманғы күшті
стресстерге психикалық тұрақтылығын қалыптастыруға бағыттаудың жолдарын,
әдіснамасын ұсынады. Әскери қызметшілердің жауынгерлік міндеттерін тиімді шешуде
алдымен психологиялық дайындығы маңызды рөл атқаратынын дәйектейді.
Кілт сөздер: тұлға,
психикалық қасиет, іс-әрекет, темперамент, мінез, қабілет,
стресске төзімділік, психологиялық төзімділік, психологиялық дайындық.
Кіріспе
Әскери қызмет адам іс-әрекетінің ерекше
жағдайлармен байланысты
жоғары әлеуметтік мәнге ие. Отандық Қарулы Күштер қорғанысы қай кезде
де әрбір азаматтың міндеті мен Отан алдындағы борышы. Оған қоса әскер
әрқашан қоғамның бір
бөлігі ретінде қарастырылған, сондықтан одан
қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің
бейнесін табуға болады, сондай-ақ халықаралық орнықтылық заңдылықтары
да өз керінісін тапқан.
XX ғ. аяғы мен XXI ғ. басында мемлекеттер арасындағы халықаралық
терроризмнің күшеюінің арқасында пайда болған мәселелермен байланысты
бірқатар әскери келіспеушілік ошақтарының болуымен сипатталады.
XXI ғасыр жаңашылдыққа бет бұрған
қуатты армияны қажет етеді
сондықтанда, әскери
-кәсіптік іс
-әрекет өзінің әлеуметтік мәнділігінің жоғары
сатысында болмақ. Сонда бұл іс
-әрекеттің ерекшеліктері қандай? Мұның
көптеген құрамдас бөліктерін ерекшелеуге болады. Бұның екі негізгі түрі
бар: соғыс жағдайындағы іс-әрекет (жауынгерлік) және қалыпты (бейбіт)
жағдайдағы іс-әрекет.
Жауынгерлік іс
-әрекет – қарулы күрес
мақсаттарына