Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет112/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Бетінен алма қан тамған,
Тілінен тəтті бал тамған
Бұйра толқын шашы бар,


344
Күлкісі меруерт шашылған,
Өзі – гүл жаңа ашылған,
Дəл 15-те жасы бар.
Сұлу көп жас төгіпті,
Тұншығып жасқа өліпті…
Талпынған жаңа нəресте,
Ақ қанатты періште,
Балдырлаған бұлақтай
Көрінген жанды күлдірген,
Жаңа піскен бүлдірген,
Балауса нəзік құрақтай,
Қайтыпты қозы көз тиіп,
Бетінен кейде жел сүйіп…
Балқиды жаным бұл күйге
Мені де, өлім, əлдиле…
Əлдиле, өлім, əлдиле!
Мағжанның бұл өлеңі – символизмнің (бейнешілдіктің) ең биік 
үлгісінде жазылған өлеңдерінің бірі. Өлеңде нəзік жанды ақынның 
жақын адамынан айырылған, қайғыдан күйзелген сəті бедерлі бей-
неленген. Ақын Бальмонт өлеңінің сыртқы құрылысына ғана емес, 
ішкі мəніне терең бойлаған, сол арқылы өз басының қайғы-қасіретін 
терең ашып береді.
“Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “Анама”, “З-ға” сияқты 
өлеңдері Мағжанның түрмеде жазған шығармалары.
“Сарғайдым” деген өлеңінде ақын:
Сарғайдым күннен-күнге қуат кеміп,
Қалың ой-қара жылан жүректі еміп.
Ақырын бітіп барам жанған шамдай,
Көзіме ыстық жастар мөлт-мөлт келіп,
Жасаған! Тез алатын ажал жоқ па?
Қинама, тез өлейін, ұшыр оққа! –
деп, түрмеде ауыр хал кешіп, темір торға қамалған ақын жанының 
арпалысын танытады. Ақынның тілегені – өлім емес, ерлік. Өлім 
түрмеден де табылады, ақын ондай өлімді місе тұтпайды, ерлік 
өлімді қалайды. Ол өзінің “Алдамшы өмір” деген өлеңінде осы 
рухтағы өршіл ойын нəзік сезімге көмкеріп береді: 


345 
Өмір, шіркін бықсып ақырын сөнеді,
Үміт шіркін тотығады өледі.
Өлді үміт, мен де ұзамай өлемін,
Соққы жеген сорлы жүрек біледі.
Өмір, шіркін, көз алдымда сөнеді,
Қиял – алыс, келемеж ғып күледі.
Өмір сөнсе, үміт сөнсе, не қалды?
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді. 
Ақынмен бірге езілесің, егілесің. Бірақ ақын үмітінің 
сөнбейтініне сенесің. Бостандықтағы ой-армандарының орындал-
май қалғандығы ақынды уақытша налытады. Торыққан көңіл жаны-
на саяны өлімнен іздейді. Сөнген үміттен, өлім артық.
Мағжанның түңілу, қайғыру сарынындағы өлеңдерін сары-
уайымға бой алдыру деп қараудың жөні жоқ. Керісінше қазақ 
əдебиетін əлемдік əдебиетпен иық теңестіруінің бір мысалы ретінде 
бағалаған орынды. Бұған мынадай өзіндік дəлелдеріміз бар. Өз 
тұсындағы жазба əдебиеті биік деңгейдегі Европа əдебиетінен үлгі 
өрнек таба отырып, сол озық үлгіні, биік парасатты өлең өрнегін 
қазақтың қасиетті қара өлеңінің бойына жарастыра білді, бұл – 
бір, сөйтіп өзін қазақ поэзиясында өзге ешкімге ұқсамас өзіндік 
ақын ретінде қалыптастырды, бұл – екі; Мағжан өлеңдерінің ішкі 
мазмұнымен сыртқы пішіні “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-
тегіс жұмыр келсін айналасы” деген Абай талабынан табылып
қазақ оқырманына тез жол тапты, бұл – үш.
Мағжан поэзиясының сыршылдығына тəн құбылысты біз 
оның сүйікті əйел, ыстық махаббатты жырлаған отты өлеңдерінен 
нақтырақ табамыз. Бұл тақырыпқа арналған өлеңдерін шартты 
түрде: Əйел, оған деген адал сезімді ардақ тұту, өз тұсындағы əйел 
затының тағдырына араша түсіп, зарына үн қосып, жырымен жұбату 
деп бөлуге болады.
Мағжанның қазақ əйелінің теңсіздік тұрмысын көрсетіп, 
қасіре тін жырлаған өлеңдері қатарына: “Домбыра”, “Зарлы сұлу”, 
“Жəмила”, “Алданған сұлу”, “Шын сорлы”, “Тілегім” деген 
өлеңдерін жатқызуға болады. “Жəмила” деген өлеңінде:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет