19.6. Жҥкті қҧрама вагонмен және контейнермен
тасымалдау ақысын анықтау
Жүкті құрама вагондарда ұсақ жӛнелтілімдермен тасымалдау ақысы
жӛнелтілім массасы үшін № 100 тарифтік сызба бойынша, ал ӛз вагонында – 0,8
коэффициентімен алынады. Ұсақ жӛнелтіліммен тасымалданатын жүктердің
тасымалдау құжаттарына ―ҰЖ‖ (ұсақ жӛнелтілім) деген белгі соғылады.
Массасы 1 тоннадан 10 тоннаға дейінгі ұсақ жӛнелтілімдер тӛлемі былайша
есептеледі:
• тұтас тонналық жӛнелтілімдер массасының ақысы тӛлемдерді есептеу
кестесі бойынша (2-бӛліктің 1.7-пункті) анықталады;
• тұтас тонна жүк массасынан асатын жүздеген килограмм мӛлшері
анықталады;
• жүздеген килограмм саны ―массасы 1 т-дан 10 т-ға дейінгі массаның 100
кг-ы үшін‖ деген жолдағы ставкаға кӛбейтіліп, алынған мӛлшері тұтас тонна саны
үшін тӛлемге қосылады.
Жүктің тарифтік класына қарай вагон үшін тӛлем № И2-И7, 9-13 тарифтік
сызбасы бойынша анықталады.
Тасымалданатын жүктің тарифтік класы мен массасына қарай №В1–В14
тарифтік сызбасы бойынша тӛлем №1 Тарифтік нұсқаудың 2-бӛлігінде
келтірілген есептеу кестесі арқылы анықталады.
Жалпы парктің әмбебап контейнерлерімен және ӛз контейнерлерімен жүк
тасымалдау ақысы әрбір контейнер үшін оның ұзындығы мен брутто массасына
қарай 5-қосымшаның 10-кестесінде (№ 85–94 сызбалар) кӛрсетілген тарифтік
сызба бойынша анықталады.
Адамның жеке басының, отбасының, үйінің және ӛзге де қажеттіліктеріне
арналған жүктерді тасымалдау ақысы № 95-99 сызбалар бойынша алынады.
Жүкті бір стансаға бір вагонға толық жинақтап контейнерлермен жӛнелтуде
контейнердің брутто массасына қарай жүк жӛнелтушіге кіре ақыдан жеңілдік
беріледі.
№ 1 Тарифтік нұсқауда (1-бӛлігі) жүкті ӛзінің мамандандырылған
контейнерлерімен, ірі тоннажды рефрижераторлы контейнерлермен тасымалдау
тӛлемдерін анықтау тәртібі де кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |