13
Әрбір желілік аудан бір негізгі (аудандық) стансаны (әдетте
ірі сұрыптау
немесе телімдік стансаны) және жүк операциялары үшін ашық болатын, 99-дан
аспайтын басқа стансаны қамтиды.
Әрбір темір жолға белгілі бір аудандар саны бӛлінген – тұтас аудан немесе
келесі ауданның жартысы қосылған.
Желілік ауданға кіретін барлық стансаларға бес таңбалы код берілген, оның
алғашқы екі таңбалы саны ӛзі кіретін желілік ауданның нӛмірін
білдіреді, ал
екіншісі (екі таңбалы сан) – оның осы аудандағы реттік нӛмірін кӛрсетеді.
Кодтағы бесінші таңба ‖0‖ негізгі стансаларға және жүк операцияларына, оның
ішінде жүкті теміржолдан суға және керісінше ауыстырып тиеуге ашық болатын
және шекаралық стансаларға берілген.
Біріңғай желілік белгі
Желілік ауданның нөмірі
Желілік аудандағы станса коды
Біріңғай желілік белгінің қорғаныш таңбасы
Станса коды
Станса жүк операциясына ашық
Стансаның қорғаныш таңбасы
3 1 8 5 0 5
3.1-сурет. Станса кодын орналастыру құрылымы
Жүк операцияларына ашық болатын стансадан
бастап есептегенде
кодтардың ӛсу тәртібі бойынша 1-ден 8-ге дейінгі сандар аралықтар мен аялдау
пункттеріне берілген. Мысалы, негізгі станса
болып есептелетін Ярославль-
Главный стансасына 31000 коды (қорғаныш таңбасы 310005) берілген, осы
ауданда орналасқан, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын атқаратын Ваулово стансасына
– 31260 (312602) коды, ал тек жолаушылар жүрісіне
арналған Чебаково
стансасына – 31262 (312621) коды берілген. Шекаралық және кейбір порттық
стансаларға бірнеше код берілген.
Жедел атқарылатын
жұмыс жағдайында, мысалы, пойыздың анықтама қағазын
толтыруда станса кодының алғашқы тӛрт саны ғана пайдаланылады, ол
бірыңғай
желілік белгі деп аталады. Оны қорғау үшін бесінші қорғаныш таңбаны пайдаланады,
ал ол станса коды үшін де, бірыңғай желілік белгі үшін де бірдей болады.
Станса кодын орналастыру құрылымы 3.1-суретте кӛрсетілген.
Код қорғанышының бақылау таңбасы 11-модульді
тексеру сандары әдісімен
ЭЕМ-де (немесе қолмен) есептеліп,
тексеріледі, салмақ қатарының кӛрінісі
1234567891012. Ізделініп отырған бақылау цифры кодтың алғашқы тӛрт цифрының
1234 салмақтық қатарына разрядтық кӛбейтіндісін 11-модульге бӛлудің
қалдығы
ретінде анықталады. Тексеру саны екі таңбалы (10) болатын кезде салмақтық қатарды
екі позицияға жылжытады, яғни станса кодының цифрлары разряд бойынша 3456-ға
кӛбейтіледі. Егер тексеру саны тағы да 10-ға тең болып шықса, оған 0 таңбасы беріледі.