Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет38/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

а)
б)
в)
7.1. сурет. Циферблатпен кӛрсететін вагондық таразы: 
а – таразы күркесі; б – таразының қазаншұңқырдағы механизмі; в – кӛрсеткіш құрал 


51 
Барлық вагондық таразылар автоматты және жартылай автоматты 
теңестіргіштермен жабдықталған. 
Тауарлық ойып орнатылған таразылар жабық қоймалардағы пакеттердегі 
және ыдысты-дара жүктерді ӛлшеуге арналған, оларды таразыға автотиегіштер 
мен басқа да механизмдер тиейді, ал бӛшкелер қолмен тиеледі. Ойып орнатылған 
таразылардың рычагты механизмі арнайы қазаншұңқырда, ал платформа – қойма 
еденінің деңгейінде орналасады. 
Тауарлық жылжымалы таразылар жабық қоймадағы ыдысты-дара 
жүктерді, багаж бӛлмелеріндегі жүктерді ӛлшеуге арналған. Олар гірлі, шкалалы, 
циферблатты болуы мүмкін. 
Гірлі таразыда жұмысшы немесе шартты гірлер арқылы ӛлшенетін жүктің 
ауырлық күші теңестіріледі. Шкалалы таразыда гірді тік сызықты шкалалардың 
бойымен қолмен жылжыту арқылы бүкіл ӛлшеу диапазонында нәтиже кӛзбен 
есептеледі. Ӛлшенетін жүкті платформаға қоюдан туатын салмақ рычагты жүйе 
арқылы күйентелі шкала кӛрсеткішке беріледі. Ол жылжымалы гір мен қарсы 
салмаққа сәйкес келетін негізгі және қосымша шкалалардан тұрады. Таразыны 
теңестіру дегеніміз жылжымалы гірді күйентелі кӛрсеткіш жылжымайтын 
кӛрсеткішпен сай келгенге дейін жылжыту болып табылады. 
Циферблатты тауарлық таразы дегеніміз (7.2-сурет) – бұл циферблат пен тіл 
түріндегі аналогты есептеу құрылғысы бар таразы, ӛлшенетін жүктің массасын 
автоматты түрде кӛрсетеді. Бұл таразы шкалалы таразымен салыстырғанда теңестіруді 
автоматтандыру есебінен айтарлықтай ӛнімді болады. Циферблатты тауарлық 
таразыдағы салмақты теңестіру механизмі платформа астындағы және аралық рычагты 
механизмдерді, сондай-ақ таспалы тіректердегі екі квадрантты циферблатты 
кӛрсеткішті қамтиды. Ең кӛп ӛлшенетін салмақ шегіне қарай таразыда бір немесе екі 
теліме (встроенные) гірлер болады. Таразы арретирмен және сұйықтықты демпфермен 
және таразыны дұрыс деңгейде орнатуға арналған деңгей ӛлшегішпен жабдықталған, 
мұның алғашқысы таразы теңселмеуі үшін оның ӛлшегіш құрылғысын жұмыс 
істемейтін күйде ұстап тұрады, ал екіншісі – теңселуді жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет