Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


үдерісі арқылы генетикалық



Pdf көрінісі
бет48/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

үдерісі арқылы генетикалық 
материалдың берілу үлгісі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Стрептомицинге төзімді Sm

штаммына SM

штаммына төзімділіктің 
тұқым қуалау ақпараты ДНҚ молекулаларының бөлігімен бірге беріледі. Егер 
донор ДНҚ-сын рецепиентке орналастырудан бұрын оны бұзатын фермент 
дезоксирибонуклеазамен өңдесе, трансформация болмайды.
Трансформация 
механизмі 
ДНҚ 
молекулалары 
арасындағы 
рекомбинация болып табылады.
Трансдукция құбылысының мәні мен оны ашу әдісі. U – тәрізді түтіктің 
төменгі бөлігі бактериялық сүзгімен бөлінеді. Бұл түтіктің бірінші 
жартысына тышқан сүзегінің бактериялары штаммы 22А, ал екінші 
жартысына – лизогенді фагы бар 2А штаммы орналастырылады.
Бұл жағдайда бактериялық жасушалар қалқан арқылы өте алмайды. 
22А штаммында триптофан түзілуін тежейтін мутация болды, сондықтан 
өсіру кезінде бактериялар ортасына триптофан қосуға тура келді. 2А 
бактериясының штаммы триптофанды синтездеді, сондықтан өсіру 
барысында ол триптофанға мұқтаж болған жоқ. Тек қана бактериялық 
сүзгімен бөлінген түтікте осы екі штаммды инкубациялаудан кейін екі 
штаммның да жасушаларын триптофаны жоқ ортаға сепкенде аздаған 
мөлшерде колониялар табылады. Демек, 22А штаммның кейбір жасушалары 
қалайда болмасын триптофан синтездеу қабілетіне ие болған және бұл амин 
қышқылы жоқ ортада колония бере алған. Мұндай жасушалардың пайда болу 


69 
жиілігі 1х10
-5 
ке тең. өзгерген бұл жасушалар trp

-тан trp
+
-қа кері мутация 
нәтижесінде немесе трансформациялаушы фактордың 2А штаммынан 
ауысуы нәтижесінде пайда болады деп жорамалдауға болатын еді. Бірақ 22А 
генотипі жасушаларының көрсетілген пайда болу жиілігін кері мутацияның 
пайда болуымен түсіндіруге болмайтын еді.
F1- факторлар және сексдукция – Hfr-штаммының хромосомынан F-
фактордың қыйылып түсуі (эксцизия) біркелкі болмайды, сол кезде бактерия 
хромосомының аймағының орнын басады да, Ғ1 деп аталатын фактор пайда 
болып, ол хромосомаға тәуелсіз бактериялық генді тасымалдауға қабілетті 
донор қызметін атқарады. Егер цитоплазмада болса өзі ғана тасымалдайды
ал уақытша хромосомамен жанасса оның қызметі Hfr факторға сәйкес келеді. 
Жыныс әсерлерінің бұл типін орын басу жыныс әсерлері деп атайды. Осы 
факторлар арқылы генетикалық тасымалдауды Ғ-дукция немесе сексдукция 
деп атайды. 
Сонымен, жыныс факторын кішкене дербес құрылым ретінде қарау 
керек, олар өз бетімен бактерия хромосомасымен ерекше байланысып
жанасқан жерлеріндегі бактерия хромосомасымен рекомбинация жасай 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет