«
Комплименттердің бұрқасыны»
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға
өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады.
Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер
түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған
соң оқушылар бұл парақтарды
домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы
керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып,
оларды оқуды тапсырады.
Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.
«
Конверт – сұрақ»
2-
3
сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір
оқушыда
өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз.
Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады;
екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа
барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты
дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың
қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
«
Достарыңызбен бөлісу: