Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет53/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

«Қысқа аутотренинг» 
 
Әрбір қатысушы ыңғайлы орналасады. Жүргізуші: Біркелкі демалыңдар! 
Бойларыңды еркін ұстаңдар! Сендер аяқтарыңда,қолдарыңда жағымды 
ауырлықты сезінесіңдер... Қабақтарың ауырлай бастады... Біркелкі, терең 
демалыңдар... аяқтарыңда, қолдарыңда жағымды ауырлықты сезінесіңдер. 
Қабақтарың одан әрі ауырлай бастады... Біркелкі, терең дем алыңдар... 
Сендер аяқтарың мен қолдарыңды сезінбейсіңдер. Сендер ауада 
қалықтайсыңдар. Сендердің көз алдарыңа өмірдегі ең бір керемет оқиғалар 
келеді. Сендер өздеріңді сергек сезінесіңдер. Қазір мен үшке дейін санаймын. 
«Үш» сөзінде көздеріңді ашыңдар, сендер белсенді, сергек, балғын 
сезінесіңдер. Бір, екі, үш... 
 
«
Мағынаны тану» 
Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) 
деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа 
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар 
орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай 
жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, 
әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).
 
«Мағынасы қандай?» 
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын 
ажырата білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің 
мағыналарын табу. 
Қайыпбайдың, қарашы, 
Қандай ерке баласы. 
Нан жемейді нансаңыз
Тек қант пен бал – асы. 
* * * 
Тұр уылжып жемістер, 
Еңбек қызды егісте. 
64 


Күз – береке, 
Күз – ырыс, 
Тер сіңіріп, 
Жеміс тер! 
* * * 
– 
Үй бола ма ауласыз
Қоршап таста бау – бақты, – 
Деп ем, 
Інім: 
– 
Аула сыз 
Тартады, – деп зар қақты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет