Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет3/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
5ББЖБ тіл

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
КІРІСПЕ 
 
Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу 
жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне 
арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы 
бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған 
әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған. 
Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген 
өзгерістер мен толықтыруларымен). 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 
қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты». «Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына 
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, 
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары. «Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін 
пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары. 
Жиынтық 
бағалау 
тапсырмаларының 
жинағы 
негізгі 
мектептің
5-сынып «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта 
білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде 
дайындалған. Жинақ бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсан бойынша 
жиынтық бағалау және жиынтық бағалау жүргізуге арналған тапсырмалардан 
тұрады.
Тапсырмалар білім алушының тоқсан бойынша «Қазақ тілі» пәнінен 
меңгерген теориялық және тәжірибелік дағдыларын анықтауға негізделген. 
Жинақтағы жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушының тілдік 
құзыреттілігін дамыту мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым дағдыларына сәйкес жүйелі берілген.
Жинақта бөлім / ортақ тақырып бойынша және тоқсан бойынша жиынтық 
бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар 
тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу 
жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары 
мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағын дайындау барысында 
суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио сынды ресми интернет-сайттағы 
қолжетімді ресурстар қолданылды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет