Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет5/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
5ББЖБ тіл

Тіл мәртебесі – ел мерейі 



 
Біздің қазақ халқының тілі айтылуға орамды, өте бай көркем тіл. Тіл – 
адамзаттың барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, 
қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде 
біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық қарым-қатынасының, іс-әрекетінің 
құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің басты 
борыштарымыздың бірі. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл 
мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу – 
әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің 
тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз 
мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің 
барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде 
мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін 
басты-басты қадамдар жасалуда. 
Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ қазақпен қазақша 
сөйлессін» деген болатын. Бұл - әр қазақстандықтың қастерлі парызы. (138 сөз) 
(http://makala.kz) 
2-мәтін
Оғыз Доған: Түркі бірлігінің ұйытқысы – қазақ тілі 
Сіз қазақ тілін зерттеп жүрсіз және қазақ тілі туралы диссертация 
қорғадыңыз. Қазақ тілін игеруді қалай бастадыңыз? 
– Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең бай тілдер қатарында. Қазақтар 
көшпелі халық болғанымен, ауыз әдебиеті мен аңыз-әңгіме, жыр-дастандары 
атадан балаға ауызша айтылып, тілдік қоры ерекше дамыған. Әрқашан да түрік 
жастарына «үйренуге тиісті тілдердің бірі ‒ қазақ тілі», ‒ деп айтып жүремін. 
Біріншіден, қазақ тілінің сөздік қоры өте бай, екіншіден кез келген ойды, 
эмоцияны, сезімді жеткізуге өте тиімді. Меніңше, барша түркі халықтары қазақ 
тілін мойындауы тиіс. Өзім Мағжан Жұмабаевты рухани көсем деп есептеймін. 
Ол кісінің «Қазақ тілі» деген өлеңінің соңында: «...Таралған түрік балаларын 
бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім...» ‒ дейді. Мағжанның бұл 
өлеңі өз елі отарланып, өз басы тұтқынға түскен ақынның қазақ тілінің 
болашағына қарата айтқан сөзі еді. Жан-жаққа тарап кеткен түрік балаларын: 
«Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім», – дейді. Сондықтан келешекте түркі 
халықтарының басын қосатын қазақ тілі екеніне кәміл сенемін. (133 сөз)
Сұхбаттасқан Жәнібек Ғалым 
(https://turkystan.kz/) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет