Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілі Асылы Османмен «Ана тілің – өзіңе
керек, мемлекеттік тіл – баршаға ортақ» тақырыбында сұхбат.
– Мемлекеттік тілді кең қолданысқа енгізуде ассамблеяның орны қандай?
– Бүгінде мемлекеттік тілдің дамуына шүкіршілік етемін. Қазақ тілі
мемлекеттік тіл мәртебесіне сай кең қолданысқа ие болып, қағаз жүзінде емес, іс
жүзінде өмірдің барлық саласында қызмет етсе деген тілек бар. Әу бастан-ақ
Елбасының Қазақстан Халқы ассамблеясын құрудағы мақсаты – елімізде
тұратын әртүрлі ұлыс өкілдерінің басын біріктіріп, өздері тұрған елге, жерге де-
ген сенімін арттыру мақсаты болды деп ойлаймын. Ассамблея алғашқы уақытта
кеңес ретінде құрылды, мұнда әрбір ұлт өкілі мәдени орталықтарын ашуға
мүмкіндік алды. Бірақ Құдайдан жасырмағанды адамнан да жасырмаймын,
расында да, алғашқы кезеңдері әркім көрпені өзіне қарай тартты. Оның мәні де,
маңызы да бар. Өйткені әрбір ұлт өкілі өз мәдениеті, тілі мен діні, әдебиеті мен
салтын жаңғырту арқылы тұрған мемлекетінде берілген еркіндіктің негізінде бұл
жерге деген сенімі артты. Әрине, бастапқы кезде мемлекеттік тілді үйренуге
онша құлықты болмағанымен, байқауымша, кейінгі кездері тілге деген ынта-
ықылас артып келеді. (140 сөз)
(http://old.aikyn.kz/)
Бағалау критерийі
№
тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтін мазмұнынына
сәйкес
сұрақтарға
жауап беру арқылы
ой-пікірін білдіреді.
1
Сұрақтарға жауап береді;
1
Өз ойын білдіреді;
1
Себебін айтады;
1
Дәлел келтіреді;
1
Ойын қорытындылайды.
1
Сөздердің
айтылуы
мен
жазылуындағы
ерекшеліктерді
ажыратады.
2
Үндестік заңын, дыбыстардың
жүйесін біледі;
1
Орфографиялық, орфоэпиялық
норманы ескереді.
1
Достарыңызбен бөлісу: |