81
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қиял әлемі.
Көлік және жол белгілері.
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология
І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.
Мәтінді
оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді
анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.
2.
Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын
мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға
қаншалықты жақын болғандығы
туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
1-мәтін
Тамыз
Ол қиялшыл бала болатын. Жаздың ми қайнатар ыстығында өзге балалар
салқын үйге кiрiп алып, күн төбеден ауғанша ұйықтап жатса, ол көл жағасындағы
үлкен қараталдың басына өрмелеп шығып, алыстарға қарауды ұнататын едi. Көз
ұшында бұлдыраған сағым, сағымның алақанында
дiрiлдеген Қаратаудың ұзын-
шұбақ жоталары, ортада ұшы-қиыры жоқ оман дария… «Дариядан өтсем бәрi де
өзгерiп сала берер ме едi» деп ойлайтын бала.
Бұрын тұңғиықтың мұншалықты әдемi екенiн қалай аңғармаған. «Тiптi,
тұңғиықтың астында су перiсi жатады, гүлiн жұлған баланы су астына алып
кетедi» дегендi естiп, маңына жоламайтын. Байқаса, дүниедегi ең әдемi гүл –
тұңғиық екен.
(90 сөз)
(https://qazaqadebieti.kz/)
2-мәтін
Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына
ауылдың өзге тірлігінен
оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның орта-сында ең
қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар—қазір төрдің тап
ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ
жастықтарды шынтақтаған сал-
серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі—
мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең
ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Құйқылжыған әніне
қалың жиын қыбыр етпей
ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп,
нұрлана құбылады.
Ерекше әсері бар күй мен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын
сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір,
қиял суреттерін,
уақиға тасқындарын, жаратылыс. құбылыс толқындарын көріп,
соған шомып
кетеді.
Қазір де, міне, белгілі бір қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан
бөліп, жарып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Тұлғасы ерен, кең
кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып бір алыбы боп апты.
(М.Әуезов «Абай жолы»)