94
Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық
шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денесі.
Вавилон, Мысыр, Қытай және Грецияның алғашқы астрономдары
жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің
жануарларға немесе аңыз-
әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп,оларға Торпақ (өгіз)
немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп
сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды.
Көптеген шоқжұлдыздарды
осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен
Вавилонның астрономдары еді. (132 сөз)
(https://prezi.com/)
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды
ажыратып көрсетіңіз.
А мәтіні
Жұлдыздар адам өміріне әсер ете ме?
Соңғы жылдары жұлдыздар мен аспан
денелерінің Жерге және адам
өміріне тікелей әсер етуі туралы жиі айтылып жүр. Бұл жайында фильмдер
түсіріліп, жазылып та жүр. «Планеталар шеруі» немесе «Метеориттік соқтығысу»
сияқты ақпараттармен қоғамда қорқынышты тудырып та жүргендер бар. Бүгінде
адам санасын қорқынышпен ұстағысы келетіндердің қатары көбеюде.
Бұл
тақырыпта
зерттеу
жұмыстарымен
айналысып
жүрген
ғалымдарымыздың еңбектері де жетерлік. Алайда, өздерінің ғылыми
жұмыстарына қоғамды баса назар аударту мақсатында еңбегінің маңыздылығына
тым әсер беруі жиі кездесетін құбылысқа айналғаны әлдеқашан.
Нәтижесінде
адамзатқа төніп келе жатқан астероид, озондық тесіктерден өткен күн сәулесі,
геомагнитті борандар, күн сәулесінің белсенділігі
сияқты ғаламдық ауытқулар
жер тұрғындарын қорқыныштың уысында ұстауы әсте мүмкін. Шын мәнінде осы
табиғи ауытқулардың кесірі жаһанда болып жатқан жамандық пен ауру
атаулының бәріне себепші деуіміз артық емес пе екен? Әрине, жер өзімен-өзі
ғаламнан бөлек өмір сүріп жатпағаны мәлім. Жұлдыздар, ғаламшарлар, күн, басқа
да аспан денелерінің жерге әсерін ғалымдар зерттеу барысында. (141 сөз)
(http://www.psu.kz/
)
Ә мәтіні
Достарыңызбен бөлісу: