3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қиял әлемі.
Көлік және жол белгілері.
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология.
ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді
анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.
2. Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын
мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын
болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
1-мәтін
Ғажайып планета
Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып,
басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде
көңілдеріне қаяу түсіріп, жабырқатқан секілді. Әркім өз ойымен әуре.
Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не
дер екен қазір мына ғалым?
Бұл жерде экипаждың барлық мүшесі бірдей жабырқаулы деуіміз артықтау
да болар. Өйткені, кемеде бесінші мүше де бар болатын. Ол кеудесін шамасынша
көріп көңілді тұрған секілді. Екі көзі жасыл от шашып жарқ-жұрқ етеді. Бұл
жасанды адам физиомеханикалық «Кибер» еді.
Кибер маймаңдап басып тақап келді.
– Қастерлім, – деді ол биологтың иығына қолын салып. (Оның әрқашан
осылай сөйлейтін әдеті еді). Сіздер мына мен болмағанда бағанағы космос
айдаһарының аузына түсіп, тәтті тағамға айналған болар едіңіздер. Мен білмейтін
өнер сіздерде көбірек. Бірақ осы бір қызықты жұмбаққа миларыңыз қалайша
жетпей тұр? Оның үні электронды музыкадағыдай әсем де нәзік естілді. Бұл кибер
түп табиғатында әзілқой боп жаратылған-ды. Оның кез келген нәрсені әзілге
айналдыратынын космонавтар жақсы біледі. Сол себепті ешкім тіс жармағанды.
Барлығының көзі Турановта. (160 сөз)
(Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета»)
2-мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |