Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата13.02.2023
өлшемі2.25 Mb.
#469484
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
5ББЖБ тіл

Бақша ағаштары 
 
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға 
барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. 
– Мынау ағаш неге тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады 
баласы. 
– Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары 
болса өсіп. Мынау ағаш қараусыз, өз шығу қалыбымен өскен, – деді атасы. 
– Олай болса, бағып-қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді баласы. 
– Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе 
ғибрат алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате 
істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды түсініп, орнына 
келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау 
қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді. (121 сөз) 
Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары» 


87 
Оқылым
 
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, кестені 
толтырыңыз. [5] 
Жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өтуге арналған нұсқаулық 
1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта 
сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның 
жасыл шамы жанған кезде ғана көшеден өтуге болады. 
2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол 
тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр. 
3. Көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң 
жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ 
сызылған тұста күте тұр. 
4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса 
өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады. 
5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан 
айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дәл уақытында көре 
аласың. 
6. 
Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден 
өт. 
7. Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт. 
Мәтін не туралы? 
Құрылымы 
Қалай рәсімделген? 
Жанры және жанрлық 
ерекшелігі неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет