52
Сол немесе өзге философиялық ұғымдар кез келген
педагогика
теориясының
негізі
болып
табылады.
Философиялық ғылымдардың одағы
педагогикаға тәрбиелеудің
мақсаттарын анықтауға, адамның мәнін түсінуге, табиғат пен
қоғамның және т.с. даму заңдарын ұғуға көмектеседі.
Педагогика адамгершілік, эстетикалық
тәрбие проблемаларын
шешуге ықпал ететін этика, эстетика сынды философия
салаларымен тікелей байланысты.
Әлеметтану туралы мәліметтер - заманауи қоғамның жай-
күйі туралы философиялық
білімдердің басқа саласы -
педагогикада білім беру мен тәрбиелеудің «ауыр» проблемалары
бойынша ғылыми зерттеулерді шоғырландыру үшін қажет.
Мысалы, әлеуметтанушылар Ресейдің әртүрлі өңірлерінде
мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен балалардың жоғары
деңгейде жеткіліксіз қамтылғанытуралы куәландырады. Соның
салдарынан балалардың мектепте оқу дайындығының төмендеуі
байқалды. Педагогиканың алдында
мектепке дейінгі білім беру
мекемелеріне бармайтын балалардың даму деңгейін қалай
көтеруге болады деген сұрақ туындады. Балалары үйде
тәрбиеленетін отбасыларына көмек көрсетудің әртүрлі түрлері
зерттеліп жатыр, балалар қысқа мерзім болатын топтар ашылып
жатыр, халыққа қосымша қызмет көрсету саласы дамып келеді.
Педагогика адам психикасының даму заңдылықтарын
зерттейтін
психологиямен органикалық түрде байланысты. Өз
кезегінде, педагогика психикалық үдерістердің тиімді өзгеруіне,
балалардың мінез-құлқына ықпал ету мақсатында білім мен
тәрбие беруді қалай ұйымдастыру керектігін зерттейді.Барлық
педагогикалық мәселелердің психологиялық негіздемесі бар.
Сонымен, ақыл-ойды тәрбиелеу мәселесі тану үдерістері мен
ақыл-ой дамуының
теориясына негізделген; жеке тұлғаның
психологиялық теориясын ескере отырып, тәрбиелеудің үлгісі
анықталды.
Педагогикалық
қызметтің
нәтижелері
психологиялық көрсеткіштерге негізделген. Мысалы, оқытудың
нәтижелері білім көлемі,
олардың беріктігі, бейнесі, жалпылығы,
психикалық белсенділіктің қалыптасуы дәрежесіне қарай
бағаланады.
Балаларды тәрбиелеу іс-әрекеттердің себептері,
оларды
түсіну шарасы, дербестік деңгейі және т.б. сияқты
көрсеткіштермен анықталады. Білім беру мен тәрбие
саласындағы кез келген мәселені шешу психологиялық-
53
педагогикалық тұрғыдан қажет. Психология мен педагогиканың
интеграциясы шекаралық салалар –
психологиялық
Достарыңызбен бөлісу: