15
2-бөлім. МОлеКулАлық БиОлОгия
§3. Жасушаның органикалық заттары:
полимерлер мен мономерлер
Биополимерлер мысалында мономерлер мен
полимерлердің арасындағы
айырмашылықтарды сипаттау
Жасушаны құрайтын заттар қандай екі үлкен топқа бөлінеді? Бейорганикалық
және органикалық заттарға қандай заттар жатады?
Тірі ағза құра мында бейорганикалық зат – су бәрінен көп болғанымен,
олардың:
зат алмасу мен айналымын, өсу, көбею, тұқымқуалаушылық
пен өзгергіштік, тітіркенгіштік пен өзін-өзі реттеу және т.б. қасиеттерін
органикалық заттар қам тамасыз етеді.
Органикалық заттар – тіршіліктің химиялық негізі.
Барлық тірі
ағзалар органикалық заттардан тұрады. Құрамында органикалық заттар
болмайтын бірде-бір тірі жасуша жоқ. Табиғатта тек тірі ағзалардың
құрамында кездесетіндіктен, олар
органикалықзаттар деп аталады. Егер
де органикалық заттар топырақ құрамында немесе көмір, мұнай, батпақ не
көл лайы түрінде кездессе, онда олар тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің
нәтижесінде жинақталған.
Негізгі
органикалық заттарға
көмірсулар,
нәруыздар,
майлар мен
нуклеин қышқылдары жатады. Сонымен, дәрумендер,
гормондар және
кейбір басқа заттар да орга никалық заттар болып табылады. Бірақ бұлар
жасушаның құрылыс заттары емес.
Полимерлер мен мономерлер. Органикалық заттардың құрамы
күрделі, яғни бірнеше элементтен тұрады. Барлық органикалық заттар-
дың құрамына көміртек, сутек пен оттек кіреді. Нәруыздардың құрамында
міндетті түрде азот болады. Сонымен
қатар нуклеин қышқылдарының
құрамында фосфор бар.
Құрылысына қарай органикалық заттар едәуір қарапайым және
едәуір күрделі заттарға бөлінуі мүмкін.
Егер олар бір қарапайым
молекуладан тұратын болса,
қарапайым деп аталады. Бірақ органикалық
заттар көбінесе химиялық байланыспен тізбекке қосылған қарапайым
молекулалар дың үлкен санынан тұруы мүмкін. Олар – полимерлер.
Полимерлер–бұл
мономер(грек.
монос– бір +
мерос– бөлік) буындары-
нан тұратын молекулалардың ұзын тізбегі.
Полимердің көрнекті мысалы на моншақ
немесе шынжыр жа тады
(10-сурет).
Бұл жағдайда мономер – бір моншақ немесе тізбектің бір буыны.
Бірақ моншақта немесе шын жырда мономерлер механи калық түрде
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
16
байланысқан – бір жіпке өткізілген немесе
өзара дәне кер ленген. Ал
полимерлер құра-
мын дағы мономерлер әр қашан бел гілі бір
химиялық байланыспен байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: