А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет104/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   231
Пікірталас:
Адам қаңқасының бөлімдерінде басқа сүйек түрлері орналасуы мүмкін 
бе?
§32. Сүйектің макро және микроскопиялық
құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы
Сүйектердің химиялық құрамын, макро-және микроскопиялық
құрылысын зерттеу
Сүйек ұлпасының құрамына қандай қо сылыстар және не үшін кіретінін 
айтыңдар. Оссеин дегеніміз не? 
Сүйектердің макроскопиялық құрылысы. Сүйек дәнекер ұлпасының 
бір түрі болып табылатын 
сүйек­ ұлпасынан түзілген. Сүйектердің 
көпшілігі сыртқы тығыз және ішкі кемікті заттан тұрады. Ол денеде 
жалпақ және түтік тәрізді сүйектің басында болады (70-сурет). Кемікті 
зат сүйек механикалық жүктемеге ұшырайтын бағытқа сәйкес доға 
тәрізді орналасқан
­табақшалардан­тұрады. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


134
Сүйек сыртынан онымен тұтасып өскен, созылғыш ұлпа 
сүйекқаппен 
жабылған (буын беті нен басқа). Сүйекқапта қан тамырлар мен жүйке 
ұштары – рецепторлар орналасқан. Олар сүйектің тірі жасушаларын 
қоректенді ру, оттек жеткізу және зиянды заттарды шығарып тастау 
үшін керек. Сүйек сүйекқап жасушаларының ішкі қабатының бөлінуі 
есе бінен өседі. Түтік тәрізді сүйектерде бұл жуандап өсуін, ал жалпақ 
сүйектерде барлық бағытта өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сүйек 
зақымданған кезде (сынғанда, жарылғанда) қалпына келу үшін сүйекқап- 
тың маңызы зор. 
Сүйектің ұзынына өсуіне түтік тәрізді сүйек басының бетінде бола-
тын 
шеміршек­ұлпасы әсер етеді. 
Сүйектердің микроскопия лық құрылысы. Сүйек тер бір неше жасуша 
типінен тұрады. Олардың негізгісі – 
остеоциттер. Бұлар – өсінділері бар 
домалақ немесе сопақша жасушалар. Сонымен қатар сүйек ұлпасында 
жас, қалыптаспаған жасушалар – 
остеобластар­ болады. Олар сүйектің 
өсуінде және зақымданған соң қалпына келуінде маңыз ды рөл атқарады. 
Сүйек жасу шаларының үшінші типі – 
остео­­кластар. Бұл сүйектер осы 
жерде сүйек түзілмей тұрып, шеміршек ұлпасын жояды. Адам ұрығында 
алдымен ше міршекті қаңқа қа лыптасады. Жүк тіліктің екін ші жартысын-
да нағыз сүйек қаң қасы қалыптаса бастайды. Ағзаның толық сүйектенуі 
дене өсуі тоқтаған кезде 20–25 жаста жүзеге асады. Кейінірек сүйек 
заттарының баяу жаңаруы жүреді. 
Сүйек ұлпасының жасуша аралық заттары қатты болады. Осыған 
байланысты сүйек жасушаларын қоректік заттармен және оттекпен 
қамтамасыз ету үшін арнайы жүйе – 
остеон­қалыптасады (71-сурет). Ол 
1
2
3
4
5
7
8
6
70-сурет. Сүйектің құрылысы:
1 – сүйек ұлпасының жасушалары (үлкейт.); 
2 – сүйектің кемік майы (үлкейт.); 3 – 
сүйектің кемік заты; 4 – сүйектің сары 
кемігі; 5–6 – қан тамырлары; 7 – тығыз заты;
8 – сүйекқап
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


135
бір-бірінің үстіне қойылған, саңылауы 
бар пластинкалардан құрастырылған 
цилиндр сияқты. цилиндрдің ортасын-
да капиллярлар мен жүйкелер бар өзек 
(канал) болады. Сүйектің тірі жасуша-
лары (остеоциттер немесе остеоблас-
тар) цилиндр пластинкаларының ара-
сына орналасқан. Олардың өсінділері 
цилиндр 
қабырғасының 
саңылауына 
енеді де, басқа остеонда болатын көрші 
жасушалардың өсінділерімен бірігеді. 
Тұтас көрші остеондар бір-біріне бұрыш 
жасап орналасқан, ал олардың арасында 
коллаген болады. Бұл – шеміршек заты. 
Байланысудың осындай түрі остеондар-
ды өзара бекітуге ғана емес, сонымен 
қатар сүйекте тармақталған тор түзетін 
қан тамырларының бірігуіне мүмкіндік 
береді. Мұндай жүйе сүйек ұлпасының 
жасушаларын тіршілік үшін қажет зат-
тармен және беріктікпен қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет