137
§33. Сүйектердің байланысу типтері
Сүйектердің
байланысу типтерін салыстыру
Омыртқалы жануарлардың сүйектері өзара қалай байланысуы мүм кін?
Сүйектердің байланысу типтері. Қаңқа сүйектері өзара әртүрлі байла-
нысады. Атқаратын қызметіне байланысты сүйектердің байланысуының
үш:
қозғалмайтын, жартылай қозғалатын және
қозғалмалы типін
ажыратады.
Қозғалмайтынбайланысу сүйектердің бірігіп өсуі арқылы түзіледі.
Яғни бір сүйектің шеті басқа сүйекке
сүйекжігіарқылы
бірігіп кетеді.
Бас сүйектері және жамбас сүйектері осылай байланысқан. Бас сүйектің
жігін көруге болады.
Бірақ ересек адамның
жамбас сүйегінің жігін жай көзбен көруге бол-
майды. Себебі жамбас сүйектеріне үнемі күш
түседі. Ал бас сүйекке тұ рақты механикалық
әсер түспейді.
Жартылай қозғалатын (аз
қозғалатын)
байланысу – бұл сүйектер дің шеміршек арқы-
лы байланысуы. Осылай ішкі мүшелердің әрі
қозғалуын, әрі қорғанышын қамтамасыз ететін
қаңқа бөлімдерінің сүйектері байланысады.
Жартылай қозғалатын
байланысуға омыртқа
жотасы мен кеуде қуысы жатады. Омыртқа-
лар өзара талшықты
шеміршекті ұлпалардан
тұратын шеміршек төсемелер арқылы байла-
нысады. Бұл бір мезгілде омыртқа жотасының
иілгіштігін
және жұлынның қорғалуын қам-
тамасыз етеді. Шеміршек арқылы 10 жұп
жоғарғы қабырға төспен байланысады (72-су-
рет).
Достарыңызбен бөлісу: