153
дың (горилла, шимпанзе, орангутанг) қаңқасы мен бұлшық еттері ұқсас
болып келеді. Олардың жалпы ұқсастықтарын атап өтейік.
Адам және приматтардың жалпы ұқсастықтары:
1. Сүйектердің типтері және олардың байланысу типтерінің ұқсас-
тығы.
2. Қаңқаның бірдей бөлімдері және сәйкес келетін сүйектер.
3. Сүйектердің химиялық құрамының ұқсастығы.
4. Бұлшық ет ұлпасы жасушалары құрылысының ұқсастығы.
Адамның тірек-қимыл жүйесінің
приматтардан айырмашылығын
қарастырайық.
1. Омыртқа жотасы S-тәрізді пішінді 4 иілімнің болуы,
екеуі алға,
екеуі артқа қарай иілген. Мұндай форма тік жүктемені азайтады да,
жүрген кезде «амортизатор» сияқты әсер етеді.
2. Аяқтары қолдарына қарағанда ұзындау әрі күшті бо ла ды. Бұл
бүкіл дененің салмағы аяқтарға түсуіне байланысты дамыды.
3. Бас сүйектегі шүйде сүйегі артқа қарай жылжыған. Бұл ми көлемі-
нің артуына да, жақ сүйектерінің кішіреюіне де, олардың салмағының
азаюына да тәуелді.
4. Адам – бас сүйектің ми бөлімі бет бөлімінен едәуір артық болатын
бірегей тіршілік иесі. Эволюция барысында екі үдеріс жүрді: 1) ми дамы-
ды және оның көлемі артты (үш еседей); 2) отта тамақ дайындау – оны
өңдеу, жұмсарту. Сол себепті күшті жақ сүйекті қажетсіну төмендеді.
5.
Шайнау бұлшық еттерін, жақ сүйектерін бекітетін бас сүйектегі
қыр кішірейді.
6. Астыңғы жақ сүйекте иек болады. Бұл анық сөйлеудің
қалыптасуына байланысты дамыды. Антропологтар адамның арғы тегінің
жақ сүйектерінің пішіні қазіргідей – таға тәрізді болды деп болжайды,
сондықтан толық сөйлеу қалыптасты деп есептеуге болады.
7. Кеуде қуысы едәуір жайпақ, ал жамбас сүйектері тостаған тәрізді
болды. Маймылдарда қолдарына түсетін салмақ орталығы едәуір жоғары.
Сондықтан оларда кеуде қуысы алға шығып тұрады, ал жамбасы жалпақ
болады. Адамда салмақ орталығы бел аймағында болады.
8. Адамның иықтары едәуір дамыған. Кеуде қуысының жалпақтығы
ұзын және едәуір терең болады. Өйткені
салмақ орталығы жылжыған
және қолмен жұмыс істеу дамыған.
9. Табан күмбезі пайда болады. Тіпті жалпақтабандылық пайда
болған адамда да кез келген маймылға қарағанда табан күмбезі жоғары
болады. Осындай құрылым қан тамырларын қыспай ұзақ уақыт жүруге
мүмкіндік береді.
10. Қолды төмен түсіріп айналдыру үшін
білек бұлшық еттері
дамыған. Маймылдар осындай қозғалыс амплитудасын жасай алмайды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
154
11. Бас бармақ басқа саусақтарға 90
0
бұрышпен орналасады.
Приматтардың қолдары басқа жануарларға қарағанда жақсы дамыған.
Бірақ қол мен саусақтарды қимылдату жалпы адамға тән. Оны арнайы
жаттықтырылған маймылға үйрету мүмкін болмады.
12. Мимикалық бұлшық еттер мен тіл бұлшық еттері жақсы дамыған.
Айырмашылықтар екі себепке: еңбек ету және тік жүруге байланыс-
ты дамыды.
Примат,горилла,шимпанзе,S-тәріздіпішіндіомыртқажота-
сы.
Достарыңызбен бөлісу: