А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет119/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   231
Көздің құрылысы. Оның сезімтал жасушалары
фоторецепторлар
Ол заттардан шағылысқан жарықты қабылдайды.
Көздің құрамына қосымша бөліктері: 
қабақ,­қас,­кірпік,­жас­безі,­көз­
бұлшық­еттері,­көз немесе көз­алмасы кіреді (88-сурет)Көз алмасы үш 
қабық пен «оптикалық жүйеден» тұрады. Оптика деп жарықты өткізетін 
және оны фокус тайтын (шағылысқан жарық сәулесін жинайтын) мөлдір 
құрылымды айтады. Алдымен көз қабығын қарастырайық. 
88-сурет. Көздің құрылысы:
а) көздің құрылысы және қосымша 
мүшелер: 1 – кірпік; 2 – қабақ; 
3 – ақ қабық; 4 – нұрлы қабық; 
5 – қарашық; ә) көз алмасының 
сызбанұсқасы
5
4
3
2
1
а)
Кірпік
бұлшық еті
ә)
Ақ қабық
Торлы қабық
Сары
дақ
Соқыр
дақ
Көру
жүйкесі
Тамырлы 
қабық
Шыны
тәрізді дене
Көз бұршағы
Нұрлы қабық
Ақ қабық
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


156
Сыртқы­ бірінші­ қабығы – тығыз дәнекер ұлпасынан тұратын ақ
қабық. Ол өз кезегінде екі қабыққа бөлінеді: ақ қабық пен қасаң қабық. 
Көздің алдыңғы бөлігінде мөл дір қасаң қабық орналасқан. Ол сағат 
бетіндегі шығыңқы мөлдір шыныға ұқсайды. Қасаң қабық бір мезгілде 
жарық ты өткізеді және көзді ұсақ бөлшектерден қорғайды. Қасаң қабық 
рецепторларына жанасқан кезде жас бөлу рефлексі іске қосылады. Жас 
сұйықтығы қасаң қабықпен ағып тітіркендіргішті жуып, шығарып тас-
тайды. 
Ақ қабықтың басқа бөлігін айнаға қарағанда көруге болады. Ол 
тығыз, көзді қасаң қабық арқылы өтіп кететін едәуір ірі заттардан 
қорғайды. Мысалы, ағаш немесе темір жаңқасы көбінесе қасаң қабықты 
зақымдайды, бірақ оларды ақ қабық ұстап қалады. Ақ қабыққа 
көз­ал-
масын қозғалтатын бұлшық еттер бекиді. 
Ортанғы екінші қабық – 
тамырлы­қабық. Оның көптеген ұсақ қан 
тамырлары көзді қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. 
Тамырлы қабықтың ішкі бөлігі артық жарық фотосезімтал рецепторлар-
ды зақымдамауы үшін қара түсті болады. 
Алдынан тамырлы қабық нұрлы қабықты түзеді. Осы қабық 
пигменті көздің түсін (қара, қоңыр, көк, жасыл және т.б.) анықтайды. 
Нұрлы қабық орталығында – 
қарашық болады. Нұрлы қабық қарашық 
мөлшерін реттейді. Егер жарық көмескі болса, қарашық ұлғаяды, ал 
жарық жарқыраған болса, тарылады (89-сурет). 
ішкі үшінші қабық – 
тор­қабық (сетчатка). Онда жарыққа сезімтал 
рецепторлар орналасқан. Бұл заттардан шағылысқан жарық сәулелері 
түскен кезде қозу пайда болатын жүйке талшықтары – жүйке импульсі. 
Яғни жүйке импульсі түрінде бейне тор қабықта пайда болады.
Енді көздің үш оптикалық жүйесін қарастырайық. Бұл
алдыңғы­
камера,­көзбұршақ­және­шыны­тәрізді­дене.
Қасаң қабық пен нұрлы қабық арасында дөңес кеңістік – 
алдыңғы­
камера болады. Содан көз сәл алға шығып тұрады, ол соққы кезінде ішкі 
бөліктерді сақтайды. Бұл кеңістік 
сулы­ылғалмен – мөлдір сұйықтыққа 
толы болады. Алдыңғы камера жарық сәу лелерін сындырмайды. Олар-
89-сурет. Қарашықтың қалыпты жағдайы мен ұлғаюы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


157
ды өзгертпейді, күңгірт етпейді. Оның рөлі – 
пішін беру және қорғау. 
Жарық қарашық арқылы өтіп 
көзбұршаққа 
түседі. Бұл – екінші оптикалық жүйе. Көз-
бұршақ – екі жағы дөңес линза. Ол жарық 
сәулелерін өткізіп қана қоймайды, оларды 
жинақтайды (тоғыстайды, фокустайды). 
Көзбұршақтың тағы бір маңызды міндеті: 
ол 
аккомодацияны­ қамтамасыз етеді.­ Қи сық-
тығын өзгертіп, көзбұршақ әртүрлі қашық-
тықта орналасқан заттарды анық көруге 
мүмкіндік береді. Көзбұршақ кірпік бұлшық 
етіне бекиді және оның жиырылуына байла-
нысты пішінін өзгертіп отырады (қисықтығын 
өзгертеді). Жас өскен сайын кірпік бұлшық 
етін бекітетін байламдар созылуы мүмкін, со-
дан көзбұршақ эластикалығын жоғалтады да, 
көру нашарлайды. 
Көзбұршақтан кейін үшінші оптикалық 
жүйе – 
шыны­тәрізді­дене орналасқан. Бұл – 
мөлдір, қан тамырлары жоқ, іркілдек зат; 
құрылымы бойынша тығыз желеге – коллоидқа 
ұқсайды. Ол Күн сәулесін өзгертпестен тор 
қабыққа өткізеді. Оның қызметі – көзді 
дөңгелек ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет