А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет134/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   231
адамның айырша 
безі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


173
түседі. Күйзелісті жағдайда адреналиннің бөлінуі артады. Ол қанда қант 
мөлшерін арттырып, жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді және бұлшық 
еттердің жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Көру өткірлігін арттыру үшін 
көз қарашығын үлкейтеді. Бауыр ағзаны мол энергиямен қамтамасыз ету 
үшін қордағы глюкозаны бөледі. Жарақат алған кезде қан тамырларды 
тарылтып, қанның ұю жылдамдығын тездетеді. Дәрігерлер кейде жүрегі 
тоқтап қалған адамның жүрегіне қайта соғуы үшін адреналин егеді.
Басқа күтпеген ауыр жағдайда бүйрекүсті бездері 
нарадреналин
бөледі. Бұл гормондар барлық омыртқалыларда негізінен жылықан-
дыларда секреттеледі.
Ұйқы безінің қызметін гипофиз безінің гормондары басқара ал-
майды. Ол 
гипофиз­ қызметіне­ тәуелсіз.­ Оның гормондары қанның 
құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты бөлінеді. Егер гормон көп 
бөлінсе, ағза өздігінен уланады. Ал шектен тыс аз мөлшерде бөлінетін 
болса, ағзада энергия жетіспеушілік байқалады. Осыған байланысты 
ең алдымен мидың, содан соң ағзаның басқа да мүшелерінің қызметі 
бұзылады.
Біз тәтті тамақты көп жесек немесе бірнеше күн аш жүрсек те қанның 
құрамындағы глюкозаның мөлшері тұрақты – 0,1–0,12% болады. Оған 
ұйқы безінің гормондары жауапты. Тәтті тамақ жегенде 
инсулин гормо-
ны бөлінеді. Ол қанның құрамындағы глюкозаны бұлшық ет пен бауырда 
қорға жиналатын, ерімейтін 
гликогенге айналдырып, қанттың мөлшерін 
төмендетеді. 
98-сурет. Бүйрек және бүйрекүсті бездері
Оң жақ бүйрек 
артериясы 
Оң жақ бүйрек 
венасы 
Оң жақ бүйрек 
Бүйрекүсті бездері
Сол жақ бүйрек 
артериясы 
Сол жақ бүйрек 
венасы
Сол жақ 
бүйрек  
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


174
Ағза қанның құрамындағы глюкозаны үнемі энергияға айналды-
рып, жұмсайды. Біз үнемі қант жемейміз. Сондықтан ағза қанның 
құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты етіп сақтайтын 
глюкагон гор-
монын түзеді. Ол бұлшық ет пен бауырдағы гликогенді глюкозаға ай-
налдырады. Сонымен, инсулин мен глюкагонның қызметі бір-біріне 
керісінше болады. 
Инсулиннің жетіспеушілігінен ағзада 
қант­диабеті ауруы пайда бо-
лады. Қандағы глюкоза мөлшерінің шектен тыс көп болуынан ағза ула-
нады. Қант диабетімен ауыратын адамдарға инсулин егеді және тағам 
рационынан көмірсу мөлшерін азайту керек. 
Адам ағзасында жыныс бездері жыныстық жетілуінен кейін ғана 
жыныс гормондарын бөле бастайды. Осы гормондар 
екінші­ реттік­
жыныстық­ белгілердің жетілуін қамтамасыз етеді. Ерлердің­ жыныс­
гормондары (тестостерон және т.б.) сақал-мұрттың өсуі, бұлшық ет пен 
қаңқаның дамуы, дене пішінінің өзгеруі, дауыстың жуандауы және т.б. 
жүзеге асырады. 
Әйелдердің­жыныс­гормондары (эстрадиол, прогестерон 
және т.б.) дене пішінін, сүт бездерін, тері астында майлардың жиналуын, 
дауыстың жіңішкеруін және т.б. белгілерді қалыптастырады.
Гиперфункция,­гипофункция,­өсу­гормоны,­соматотропин,­адре-
налин,­ норадреналин,­ кортикоидтар,­ минералокортикоидтар,­
глюкокорти­коидтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет