А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет132/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   231
қалқанша без
тироксин гормонын бөледі (96-сурет). Тироксин гор-
моны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де 
ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырма-
са, 
эндемиялық­зоб­ауруына шалдығады.­Бұл­–­қалқанша безінің ісінуі. 
Жас балаларда йодтың жетіспеуінен 
кретинизм ауруы пайда болады. 
Тироксин ағзадағы зат алмасудың негізгі бөлігін реттейді. Оның 
қызметіне байланысты ағзада қоректік заттар қорға жиналады (ағзаға 
қажетті нәруыздар, майлар түзіледі) немесе ыдырап энергия түзіледі.
Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, қоректік заттардың 
барлығы қорға жиналады. Соның салдарынан 
микседема ауруы пай-
да болады. Адам семіреді. Оның дене температурасы 35°С болып, үнемі 
тоңады, күш-қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы келе береді. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


171
Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте 
көп бөлігі энергияға жұмсалады. Содан Базедов (бадырақ көз) ауруы 
пайда болады. Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі 
жиі соғып, тыныс алуы жиілейді, дене температурасы 37–38°С бола-
ды, ұйқысы қашады, арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы 
ағзаға сіңбейді. Көздің бұлшық еттеріне күш түсіп, көзі бақырайып 
кетеді. Мұндай адамдардың жүрегі және басқа да мүшелері тез ауруға 
шалдығады. Қазақстанда қалқанша безi ауруларының санын азайту мақ-
сатында йод тапшылығының алдын алуы туралы заң қабылданған.
Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көп жылдар бойы қалқанша без-
дің бір бөлігі деп есептеген. Кейін оның құрылысын зерттегенде (1924 ж.) 
олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған (96-сурет). Бұл бездер 
паратгормон бөледі. Бездердің саны төртеу, олардың екеуі қалқанша 
бездің жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі жағына орналасқан. Қалқанша 
безге жақын орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. 
Қ а л қ а н ш а м а ң ы б е з д е р і н і ң қ ы з м е т і : 
бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен 
кальцийдің мөлшерін реттейді. Паратгормонның әсерінен олар қанға 
өтеді.
Егер организмде 
паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып 
тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері ар-
тады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық 
еттер түйіліп қалады. Тістер өте сынғыш болып, оларда бор түстес дақтар 
96-сурет. Қалқанша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет