184
Синтез:
1. Митоз және мейоз құбылыстарын ұқсастығы мен айыр машылық
белгілері бойынша жіктеңдер.
2. Тірі материяның дамуындағы үлкен эволюциялық жетіс тіктер ретінде
мейоздың рөлі туралы эссе жазыңдар.
3. Денесінде тек ғана гаплоидты жиынтықты хромосомасы бар және
ешқашан мейоздық бөліну жүрмейтін ағзалар болуы мүмкін бе?
4. Биологиялық үдерістерді қамтамасыз етудегі митоздың рөлін
бағалаңдар.
Бағалау:
1. Жасушалар бөлінуінің әртүрлі үш типі: митоз, мейоз және амитоз ту-
ралы реферат жазыңдар.
2. Білімнің қосымша дереккөздерін пайдалана отырып, «редукцияның
үш типі»: зиготалық, гаметалық, споралық туралы өз пікірлеріңді
айтыңдар.
3. Митоз бен мейоз құбылысының табиғаттағы маңызы қан дай?
Пікірталас:
«Соматикалық редукция» болуы мүмкін бе?
§46. Тірі ағзалардың көбею түрлері
Жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
Жыныстық және жыныссыз көбеюдің бір-бірінен қандай айырмашылықтары
бар? Өсімдіктердің вегетативті көбеюінің ерекшелігі неде? Жануарларда
да осындай құбылыс болуы мүмкін бе? Жынысты көбеюде жабықтұқымды
өсімдіктердің басты мүшесі қандай? Партеногенез деген не? Ол қандай
өсімдіктерде жүреді?
Көбею – жалпы тірі ағзаларға тән қасиет. Тіршілік иелері әртүрлі
жолмен көбейеді. Оларды екі түрлі топқа біріктіреді: жыныстық және
жыныссыз көбею. Көбеюдің ертерек пайда болған түрі – жыныссыз
көбею. Ең алғашқы біржасушалы ағзалар – бактериялар (прокариоттар)
жыныссыз жолмен көбейген. Жыныссыз көбейгенде жыныс жасушала-
ры – гаметалар түзілмейді.
Жыныстық жолмен көбейгенде гаплоидты хромосомалы гамета-
лар түзіледі. Бұл жыныс жасушалары ұрықтану үдерісіне қатысады.
Табиғатта партеногенез және өздігінен ұрықтану сияқты көбеюдің ерек-
ше түрлері де кездеседі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|