А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жануарлардың жыныссыз көбею түрлері



Pdf көрінісі
бет144/231
Дата16.02.2023
өлшемі5.1 Mb.
#469668
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   231
185
Жануарлардың жыныссыз көбею түрлері.
Біржасушалылардың негізгі көбею жолы – митоз немесе бөліну. 
Амеба, жасыл эвглена сияқты жәндіктермен бірге өсімдіктерден хлорел-
ла, хламидомонадалар да осы жолмен көбейеді. 
Бөлшектену (стробиляция) дегеніміз­–­ересек ағза денесінің жеке 
бөлшектерге бөлінуі. Бөлшектер – қажетті ұлпалар мен мүшелері бар 
дененің бөлігі. Бұл ағзаның толық қалпына келуін қамтамасыз етеді. 
Яғни бөлшектену үдерісіне аналық ағза алдын ала дайындалады. Осын-
дай жолмен сцифоидты ішекқуыстылардан полиптер, кейбір жалпақ 
құрттар (16 бөлшекке бөлінеді), теңіз жұлдыздары және кейбір буылтық 
құрттар көбейеді. 
Мұндай жолмен пайда болған жас ағзалар толығымен аналық ағзаның 
көшірмесіндей болады. 
Бүршіктену. ішекқуыстылар да полип сатысында бөлшектенумен 
(стробиляция) қатар, бүршіктену де жүреді (100, 101-суреттер). Бүр-
шіктену кезінде аналық ағзада бүршік түзіледі. Содан соң дененің осы 
бөлігі оқшауланады. Онда қажетті жасушалар мен ұлпалар түзіледі. 
Жануарлардан ішекқуыстылар мен губкалар осылай көбейеді. 
Жынысты көбеюдің түрлері мен оларға сипаттама.
1. 
Партеногенез дегеніміз – ұрық танбаған жұмыртқа жасуша-
сы нан ұрықтың дамуы. Бұл кезде ұрықтану үдерісі жүрмейді, яғни 
гаметалар қосылмайды. Аталық жыныс жасушалары – сперматозоид-
тар бұл үдеріске мүлдем қатыспайды. Сондықтан партеногенез кезінде 
тек аналық белгілердің ұрпақта қайталануы орын алады. Жануарлардан 
осындай жолмен паразит құрт тардың дернәсілдері пайда болады. Пара-
зит құрттардың ана лық тары иесінің ағзасының ішін де болатындықтан 
ол жерде ата лықпен қосылу мүмкіндігі жоққа тең. Аналық ағзада 
дернәсілдері ұрық танбай-ақ пайда болады. Омырт қасыздардан партеноге-
нез жолымен биттердің жазғы дернәсілдері, дафния (ұсақ шаянтәрізділер) 
және ара лардың аталықтары пайда болады.
100-сурет. Гидраның бүршіктенуі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   231




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет