Ф
Фагоциттер – микроағзаларды жоятын жасушалар тобы.
Фагоцитоз – ағзаның қорғаныштық реакциясы.
Фармакология – дәрілік заттардың ағзаға әсерін зерттейтін ғылым.
Ферменттер – барлық тірі жасушаларда болатын және биологиялық
катализатор рөлін атқаратын ерекше нәруыздар: генетикалық ақпараттар,
барлық энергия және зат алмасу үдерістері жүзеге асырылады.
Фибрин – қан плазмасының құрамында болатын қанның ұюына қатысатын
нәруыз.
Фибриноген – қанның ұюына қатысатын нәурыз.
Физиология – тірі ағзаға тән тіршілік әрекеттерін зерттейтін ғылым.
Фолликулалар – жұмыртқа жасушалары бар көпіршіктер.
Фобиялар – мезі болатын үрейлер; бастан кетпейтін күй түрлері.
Флегматик (фл
егматик) – темперамент түрі.
Фруктоза, ж е м і с қ а н т ы – гексоза тобының моносахариді. Жеміс, гүл
шірнесі, бал және т.б. құрамында болады. Басқа қанттардан едәуір тәтті.
х
хоаны – мұрын қуысын ауызбен және жұтқыншақпен қосатын
ішкі мұрын
ішіндегі тесік.
холерик (хо
лерик) – темперамент түрі.
хромосомалар – гендерді тасымалдайтын және жасуша мен ағзаның тұқым
қуалайтын қасиеттерін анықтайтын жасуша ядросының органоиды.
ц
цианоз – қан оттекпен жеткіліксіз қаныққан кезде, қанағымы
баяулағанда
(жүрек ақауы, жүрек және өкпе қызметінің жетіспеушілігі және т.б.) тері мен
шырышты қабықшаның көкшіл түске боялуы.
цинга, құрқұлақ – ағзада С және Р дәрумендерінің жетіспеуінен болатын
ауру.
цистит – қуықтың қабынып ауыруы; әдетте жұқпа әсерінен болады.
цирроз – бауырдың құрылымдық түзілістерінің бұзылуынан пайда болатын
қауіпті ауру.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|