275
Симпатикалық жүйке – вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлімі.
Синапс – жүйке жасушаларының бір-бірімен түйіскен жері.
Симптом – қандай да бір аурудың белгісі.
Систола – қан артерияға айдалатын жүрекшелер
мен қарыншалардың
жиырылуы.
Диастоломенбірге
жүрек қызметінің циклін құрайды.
Склера, ақ қабық – тірек және қорғаныш қызметін атқаратын көздің сыртқы
тығыз қабығы.
Сколиоз – омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы.
Соқыр дақ – көру жүйкесінің көздің торлы қабығынан шығатын орны, оның
түбінде орналасқан.
Соңғы ми, үлкен ми – үлкен ми сыңарларын түзетін мидың ең ірі және басты
бөлімі; мидың басқа бөлімдерінің және жұлынның
қызметін басқаратын ОЖЖ-
нің жоғары бөлімі.
Стоматит – ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы.
Стресс, күйзеліс – күшті әсер етуден пайда болатын күй, күш.
Сығырлық (близорукость) – көздің жақыннан жақсы көру қабілеттілігі.
Сыртқы секреция бездері –
арнайы өзектері арқылы сөл бөлетін бездер.
Сұр зат – жүйке жасушаның денесі
мен дендрит өсінділерінен тұратын түзіліс.
Сүйекқап – сүйектердің сыртын қоршап жатқан әрі сүйектің жуандап өсуін
қамтамасыз ететін дәнекер ұлпалы қабық.
Достарыңызбен бөлісу: